Қарағанды өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ наркология мамандарымен бірлесіп, Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні қарсаңында Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
«Өмірді ойла» ведомствоаралық бағдарламасы аясында әскери ортада нашақорлықтың алдын-алу мақсатында қылмыстық заңнаманың талаптары, сондай-ақ есірткі және басқа да заттарды қолданудың адам денсаулығына салдары назарға алынып, толықтай түсіндірілді. “Жарғы – әскери қызмет қауыпсіздігінің үлесі” қарауылдық және ішкі қызметті атқару тәртібін және ережесін бұзуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының өкілдерімен мұндай сабақтар мен басқосулар әскери бөлімдерде жиі өткізіліп тұрады. Аталмыш жиынға барлық санаттағы әскери қызметшілер қатысты.
– «Тәртіпке бас иген құл болмайды». Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің баптары мен халықаралық есірткіге күрес күні қарсаңында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жеткізілді. Қылмыс жасағандарға әкімшілік жазалау туралы талаптары айтылды. Кездесуде әскери полиция өкілдерінің профилактикалық жұмыс туралы есептерін тыңдадық. Шара ұнады, көптеген мағлұматтарға қол жеткіздік» – деп атап өтті, өз сөзінде 85510 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Тулеуғалиев Абай Түлекұлы.