Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5-сәуір мен 5-мамыр аралығында әскери бөлімдер мен мекемелерде «Ойынқұмарлықты тоқтату» науқаны өткізіліп жатыр.
Аталмыш науқан аясында, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулығы орталығы» мемлекеттік кәсіпорын мамандарымен бірлесіп, Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамына ойынқұмарлықтың себептері, симптомдары, кезеңдері және оның салдары толықтай түсіндірілді. Мұнан бөлек, Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы алдын алу бөлімінің бастығы Жарқынбек Молдаханов әскери қызметшілерге белгіленген заң талаптарына сәйкес әскери қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағандар болса, атап айтқанда, ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысса, осыған байланысты әскери қызметкер бірден теріс қылығы үшін қызметтен шығарылатыны туралы жеткізді. Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5-сәуір мен 5-мамыр аралығында әскери бөлімдер мен мекемелерде «Ойынқұмарлықты тоқтату» науқаны өткізіліп жатыр. Аталмыш науқан аясында, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулығы орталығы» мемлекеттік кәсіпорын мамандарымен бірлесіп, Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамына ойынқұмарлықтың себептері, симптомдары, кезеңдері және оның салдары толықтай айтылды. Мұнан бөлек, Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы алдын алу бөлімінің бастығы Жарқынбек Молдаханов әскери қызметшілерге белгіленген заң талаптарына сәйкес әскери қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағандар болса, атап айтқанда, ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысса, осыған байланысты әскери қызметкер бірден теріс қылығы үшін қызметтен шығарылатыны туралы мәлімдеді.
«Құмар ойындардан келетін қауіп үлкен екені талай айтылып жүр. Мұндай ойын түрі заман құбылған сайын түрленіп, зияны да ұлғайып барады. Оған құныққан адам қоғамнан біртіндеп ажырап, өзгелермен байланыс орнату, тілдесу, тұлға ретінде даму секілді адами қасиеттерінен айырылады. Ойынға тәуелділіктің дүниежүзінде ауру ретінде қарастырылып, осыған байланысты арнайы медициналық терминнің енгізілуі де тегіннен тегін емес. Ажырасудың басты себебі де осы, біз қазірден бастап, әскери қызметкерлер арасында дөңгелек үстелдер өткізіп, теріс қылықтардың алдын-алып отырмыз», – деп атап өтті өз сөзінде Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы алдын алу бөлімінің бастығы – Жарқынбек Молдаханов.