Приозерск гарнизонының әскери бөлімінде модульдік казармалық үй-жай ашылды

Бүгінде мемлекет тарапы әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға заманауи талаптарға сай келетін қолайлы жағдай жасауға бар күшін салып келеді. Әскери қызметке қолайлы жағдайлар жасау – жауынгерлік дайындыққа көбірек көңіл бөлуге ынталандырады.

Ел тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп,  қызмет атқарып жүрген сарбаздарымызға Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 44841 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне модульдік казармалық үй жайының ашылу салтанаты өтті.

Бұл рәсімге Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев, Приозерск гарнизонының Әскери прокуроры әділет полковнигі Арман Дармурзаев, Приозерск гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Жалғасбек Айдынбеков және сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Казармалық үй-жайдың ашылуы әскер қатарында жүрген сарбаздарды, әскери қызметшілерді қуантқаны рас. Заман талабына сай жабдықталған казармада сарбаздарға қолайлы жағдай жасалып отыр, – деді Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев.

Шара барыында сондай-ақ келген қонақтар да жылы лебіздерін білдіріп, модульдік казарманың ашылуымен құттықтады.

Думан Жұмашұлы

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскерге шақырылушылардың несиесін төлеу кейінге қалдырылады

Жұм Нау 10 , 2023
Оқылды: 677 Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының әскери қызметшілерімен 2022 жылдың күзінде «Жас сарбаз» науқаны шеңберінде қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінен шақырылған мерзімді әскери қызметшілерінің (2-2022 шақырылым) жеке істеріне мониторинг жүргізілд3.          Алдын алу шараларын жүргізу барысында, Басқарманың әскери қызметшілері әскерге шақырушылар гарнизондардың әскери бөлімдеріне екінші деңгейдегі банктер […]