Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш өтті

Қарағанды қаласындағы жалпы білім беретін №10 мектепте жыр көшіндегі өзіндік орны бар біртуар талант иесі Мұқағали Мақатаевқа арналған «Поэзия менімен егіз бе едің?» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.

Соңына айрықша өшпейтін із қалдырған ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған кешке 44803 әскери бөлімінің әскери қызметкерлеріде жұмылдырылды. Атап айтқанда, әдеби сазды кеш барысында ақын Мұқағали Мақатаевтың «Ей, бауырым», «Шеше сен бақыттысың», «Елім, саған ғашықпын» өлеңдерін аға лейтенант Садықов Алихан Менхатұлы нақышына келтіріп орындады. Сыршыл ақынның сырға толы «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың», «Бақыт деген» әндерін домбыраның сүйемелдеуімен оқушылар орындаса, 44803 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінің отбасымен жұмыс жөніндегі қызметкері Айгүл Сағындыққызы Орумбаева ақын өміріне тоқталып, қызықты дүниелерімен бөлісті. Әскери қызметкерлердің қатысуымен бірлесіп өткізілген шарада, оқушылар ақынның әндерінен шашу шашты. Өткізілген кештің нәтижесінде мұзбалақ ақын «Мұқағали Мақатаев оқуларының» қалалық кезеңі №10 жалпы білім беретін мектепте өткізіледі.

 –Бүгін мектебімізге 44803 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері келді. Оқушыларымыздың қатысуымен Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби сазды кеш өткізілді. Мұндай іс-шарамызға қолдау танытқан қорғаныс министрлігінің әуе қорғаныс күштерінен келген азаматтарға алғысымыз шексіз. Мұқағалиы бар қазақ елі күннен-күнге жаңара береді. Мұқағали халқымен бірге мәңгі өмір сүреді, – деп тоқталып өтті өз кезегінде, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Алтыншаш Айткулова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қорғаныс министрлігінің оқу орындары талапкерлерді қабылдайды

Сей Ақп 14 , 2023
Оқылды: 852 Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметовтың қатысуымен Қорғаныс министрлігінің брифингі өтті. Қорғаныс ведомствосының өкілі журналистерге ведомствоның оқу орындарына түсу ережелерін айтып берді. Ол отандық әскери білім беру жүйесіне магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау жүзеге асырылатын […]