Жас сарбаздар ант қабылдады.

Қарағанды өңірлік Әскери полиция басқармасының жедел-ден қою бөлімінің сарбаздары салтанатты түрде Әскери ант қабылдады.

Біздің халық ежелден ел үшін төккен тердің бағасын бағамдай білген. Оның ішінде, қастерлі Отан-ананы қорғау – ең асқақ парыз, абыройлы міндет екенінжас сарбаздар да жақсы біледі. Ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа адал болу, ел басына күн туса, оны ақтық демің қалғанша қорғау, қажет болса, жан қию деген сөз. Осылайша, ант қабылдаған сарбаз – біздің ұлан-ғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған жаужүрек ата-бабаларымыздың ерлік жолын жалғастырушыға, елдің қорғанына, сенім арқалаған азаматқа айналмақшы. Салтанатты шарада Әскери полиция басқармасының жедел-ден қою бөлімінің 25 жас сарбазы ант қабылдады.

Ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаздардың ата-аналары, туған-туыстары кең құшақпен қарсы алып қауышты. Келген қонақтар әскери бөлімнің басшылығымен, сарбаздардың казармасы, асханасы және демалатын орындарымен танысып, серуенге шықты.

Бүгін бізде әскери полиция басқармасы жедел-ден қою бөлімінде ант қабылдау іс шарасы орын алды. Барша сарбаздарды ант қабылдау рәсімімен құттықтаймын. Бәріміз қуаныштымыз. Отан алдындағы абыройлы міндетімізді, өте жоғары деңгейде орындап, ата-анамыздың сенімін ақтаймын деген ойдамыз, – деп қуанышты сәтімен бөлісті қатардағы жауынгер Мейіржан Нақышпанов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркияда 14 ақпанда романтикалық іс-шаралар ұйымдастырылады

Сей Қаң 17 , 2023
Оқылды: 750 Дүние жүзіндегі күнтізбелерде жылдың ең романтикалық күні ретінде белгіленген 14 ақпан – Әулие Валентин күні келе жатыр. Әрқашан есте қалатын саяхат тәжірибесін ұсынатын Түркия 14 ақпанда жұптар үшін ерекше романтикалық бағыттарды ұсынады. Дүние жүзіндегі күнтізбелерде жылдың ең романтикалық күні ретінде белгіленген 14 ақпан – Әулие Валентин күні келе […]