Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күніне арналған «Қарулы күштер – Ел тірегі» атты тақырыпта Республикалық жиын онлайн форматта өткізілді. Дөңгелек үстелге Қарағанды обылыстық қорғаныс департамент бастығының орынбасары, университет оқытушылары мен студенттер, оқушылар шақырту алған.
«Қарулы күштер – Ел тірегі» атты Республикалық онлайн форматтағы дөңгелек үстелдің басты мақсаты – қазақтың біртуар қаһарман қолбасшылары мен батырларының өнегелі өмірін, ерлік істерін насихаттап, олардың бейнесі арқылы жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеп,– студенттер мен оқушы жастар бойына жігерлік пен батылдық қасиеттерін ұялату. Республикалық жиынға Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Мұхамет Хайдар Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің, Түркістан қ, Халықаралық Туризм және меймандостық университеті, Көкшетау қ, Мырзахметов атындағы университет, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Павлодар қ, Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің, Манаш Қозыбаев атындағы солтүстік Қазақстан университеті мен басқа да жоғарғы оқу орындарының студенттері және профессор-оқытушылар құрамы, сондай – ақ Қарағанды қаласының Жалпы Білім Беретін мектеп-лицей және гимназия оқушылары қатысуда.
«Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушы әріптестер, студенттер мен оқушылар және қонақтар! Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразығы сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, таза ұрпақ тәрбиелеу ар – намыс, атамекен сияқты киелі түсініктермен байланыстыру, болашаққа бағыт сілтеу – әрбір ұстаздың міндеті және басты борышы. Оқушылар мен студенттер көкейіне елжандылық, Отансүйгіштік ой сала білсек онда заманға сай, қоғамға қажет азамат және елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз. Патриоттық іс – шаралар қашанда жаңа Қазақстаның болашағы үшін мәңгі Ел болуда, жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден – бір өмір мектебі. Өз Отанының шынайы патриоты болу – Қазақстанды жерім, елім деп жүрегі мен санасына шынайы сақтай білу ұлы сезім – үлкен қасиет», – деп атап өтті өз сөзінде, Қарағанды обылыстық қорғаныс департамент бастығының орынбасары, тәрбие, идиологияқ және әскери – патриоттық жұмыс бөлімінің бастығы – полковник Мұхтар Кайшатаев.
«Қарулы күштер – Ел тірегі» атты дөңгелек үстел қортындысы бойынша мынадай ұсыныстар қабылданды:
1.Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары базасында, студент жастарды патриоттық тәрбиелеудің өзекті проблемалары бойынша дәстүрлі түрде жыл сайын дөңгелек үстелдер өткізу ұсынылсын.
2.Бұқаралық ақпараттық құралдарында, түрлі деңгейдегі бағдарламаларда жастардың Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне сүйспеншілігі мен мақтаныш сезімін артыру мақсатында жетістіктері мен көкейкесті проблемалармен бөлісу шараларын ұйымдастырылу қарастырылсын.