Автокөліктің қысқы мерзімге әзірлігі – апатсыз пайлаланудың кепілі!

Қазақстан Республикасы Карулы Күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің катысуымен болатын жолкөлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының ауырлығын азайту және Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамдарының кәсіби дайындығы мен құқықтық сауаттылығын арттыру мен жол кауіпсіздігінің алдын-алу.

2022 жылдың 22 қарашасында әскери 31775 әскери бөлімінің жеке көліктер тұрағында әскери прокуратура,Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасы және Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдерінің қатысуымен «Автокөліктің қысқы мерзімге әзірлігі – апатсыз пайдаланудың кепілі!» айлығы аясында әскери қызметшілердің жеке көлік құралдарының қысқы пайдалануға дайындығы тексерілді.Анықталған жетіспеушіліктер бойынша әскери кызметшілерге орнына келтіру жөнінде мағлұматтар жеткізілді.Жиын барысында әскери көлік құралдарды пайдалану жөніндегі нұскаулық ететін бұйрықтардың талаптары мен Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесінің негізгі талаптары, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөліміндегі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құкық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістері жеткізілді. 2022 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің қатысуымен болған жол көлік оқиғаларының және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисі арқылы салыстыру барысында анықталған жеке көлікпен әскери қызметшілердің қатысуымен болған әкімшілік құқық бұзушылықтардың талдауы көрсетілді. Жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын және ЖКО қатысы бар әскери қызметшілер жөнінде әскери бөлімдердің автоәуескойлар коғамдары төрағаларыныңң жұмыстары тыңдалды. Жеке кұраммен жол көлік окиғаларының алдын алу іс-шараларын күнделікті толық көлемде, әскери бөлімдердегі техниканы дұрыс пайдалануын, ұйымдастырылуын, тиісті тәртіпке келтіру бойынша іс-шаралар өткізуін ұсынды.

Карағанды өңірлік гарнизоны

Әскери полиция басқармасы әскери автомобиль полиция бөлімінің бастығы

майор Д. Шайкенов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

"Еркін сөз-2022": журналистер байқауы

Бей Жел 1 , 2022
Оқылды: 564 «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры және “Халық банкі” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында қаржы тақырыбына өтетін «Еркін сөз-2022» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты кеші Алматыдағы “Қазақстан” қонақ үйінің Grand Palac залында өтті. Шараға журналистер, қоғам қайраткерлері қатысты. Бас жүлдеге 500 мың теңге, ал арнайы марапатқа 100 […]