25 қараша – ТҮРКІ ДҮНИЕСІ КҮНІ

Дəл осы күн жаңалық боп тосыннан,
Түркі жазуы құпиясы ашылған.
Дат ғалымы Вильгельм сол жазудың
Кілтін тапты-ау:
сан ғасырлар жасырған.

Ескерткіштер тіл қатар не жайында?
Осы сұрақ салды бізді уайымға.
Жұмбақ күйде ескерткіштер
бой түзді,
Орхон менен Енисейдің бойында.

Бедері мен ескерткіштің бүртігін,
Анықтай кеп құпия сөз,
жыр тілін,
Дат ғалымы датын айтты ғаламға-
Бұл жазулар сөздері деп түркінің.

…Өр бабалар өрлік құрып бұрқатқан,
Өрнектеп сөз мөрлі тасқа дүр таққан…
Екі жүз жыл жұмбақ болған жазуы,
Ескерткіштер түркі тілде тіл қатқан.

Бұл жария таң қалдырып өзгені,
Бақыт болды: бізге жанған көздегі.
Ғасырлардың теперішін тартса да,
Көнермепті көне түркі сөздері.

Осы болар ғылымдағы сəтті кез,
Жазу сырын дөп тауыпты отты көз.
Ең алдымен оқығаны ғалымның –
‘ТƏҢІРІ» мен «ТҮРІК» деген текті сөз.

Бабалардың тастан соққан қалыбы,
Сəулеленіп жетті бізге анығы.
…Сол ескерткіш тастардағы жазулар–
Түркінің төл дүниесі,танымы.

Ақын Наурызбай Жарбосынұлы,
С.Қожанов және І.Жансүгіров атындағы сыйлықтардың иегері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Тәуелсіз елде әскерден қашпа - сарбазым.

Дүй Қар 28 , 2022
Оқылды: 930 Қарағанды гарнизонына қарасты, Астана өңірлік қолбасшылығы, 31775 әскери бөлімінде Қарағанды өңірлік Әскери полиция басқармасының алдын-алу бөлімінің офицерімен «әскери бөлімді өз еркімен тастап кету және әскери қызметшілер арасындағы жарғылық емес қатынастарға жол бермеу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Аталмыш шара барысында әскери қызметкерлер мен жас сарбаздардың қатысуымен әртүрлі сипаттағы сұрақтар […]