Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының ауырлығын азайту және Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамын кәсіби дайындығы мен құқықтық сауаттылығын арттыру және жол қауіпсіздігін алдын алу мақсатында Қарағанды қаласының әскери лазаретінде «Автокөліктің қысқы мерзімге әзірлігі – апатсыз пайдаланудың кепілі!» айлығы аясында гарнизондағы әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды тұлғалары мен жүргізушілер қоғамы төрағаларының қатысумен жиын өткізілді.
Жиын барысында әскери көлік құралдарды пайдалану жөніндегі нұсқаулық ететін бұйрықтардың талаптары мен Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесінің негізгі талаптары, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөліміндегі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістері жеткізілді.
Аталған іс-шараға әскери прокуратура, Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының өкілдерінің қатысуымен 2022 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисі арқылы салыстыру барысында анықталған жеке көлікпен әскери қызметшілердің қатысуымен орын алған әкімшілік құқық бұзушылықтардың талдауы жеткізілді.
Жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын және ЖКО қатысы бар әскери қызметшілер жөнінде әскери бөлімдердің авто әуесқойлар қоғамдары төрағаларының жұмыстары тыңдалды. Жеке құраммен жол көлік оқиғаларының алдын алу іс-шараларын күнделікті толық көлемде, әскери бөлімдердегі техниканы дұрыс пайдалануын, ұйымдастырылуын, тиісті тәртіпке келтіру бойынша іс-шаралар өткізуін ұсынды.
– Айлық барысында гарнизондағы әскери полиция қызметкерлері жиынды өткізді. Шараның басты мақсаты – жол ережесін сақтамау салдары арқылы өз өміріне қандай қауіп төндіретінін жеке құрамға түсіндіру,– деп тоқталып өтті, Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы, әскери автомобильдік полиция бөлімінің бастығы майор Дүйсенғали Шайкенов.