2022 жылғы 1 қазанда Өнер академиясының студенттері өнер көрсеткен «Қамқор» әлеуметтік үйінде қайырымдылық іс – шарасы өткізілді.
Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары бар, сонымен бірге олар іс – шаралар да өткізіліп тұрады. Өнер Академиясы мен «Қамқор» әлеуметтік үйінің бірлесіп ұйымдастырған қайырымдылық концертіне, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Н.А. Тогузбаева, Өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі А.Ш.Әлімжанова мен студенттері, аға оқытушылар Қ.Е.Тауенов пен М.О.Жұмағұлов қатысты. Ізгі істің негізгі мақсаты: қарттарға көмек көрсету және қамқорлық сезімін қалыптастыру. Іс – шарада Өнер ордасының «Музыкалық өнер», «Хореография», «Театр өнері» факультетінің талантты жастары өнерлерін паш етті. Сонымен қатар халық әндері мен күйлері орындалды. Әлеуметтік үйдің қарт тұрғындары өткізілген мерекелік рәсімге өздерінің алғысын білдірді. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының ректоры Азамат Сатыбалдыны осы бастаманы қолдаудағы әрі бұл саланы дамытудағы қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай қайырымдылық істері алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жансая Иманжан
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 1- курс студенті