Қарағанды Гарнизоны, Әскери полиция басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қыркүйек айында «Назар сал, жаяу жүргінші» айлығы аясында әскери бөлімдер мен мекемелерде жол көлік оқиғаларын алдын-алу, болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр.
«Назар сал, жаяу жүргінші» айлығы барысында әскери қалашықтарда орналасқан мектептердің маңындағы жаяу жүргінші жолақтарында және автокөлік тұрақтарында жол жүру қағидаларын бұзудың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды әскери сала мамандары. Сондай ақ, Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамымен жаяу жүргіншілердің міндеттерін зерделеу бойынша сабақтар ұйымдастырылды.
–Айлық барысында гарнизондағы әскери полиция әкімшілік тәжірибе бөлімшесімен арнайы даярлаған ақпараттық кітапшалар жаяу жүргіншілерге таратылды. Шараның басты мақсаты – жол ережесін сақтамау салдары арқылы өз өміріне қандай қауіп төндіретінін түсіндіру – деп тоқталып өтті, Қарағанды өңірлік гарнизоны, әскери полиция басқармасы, әскери автомобильдік полиция бөлімінің бастығы подполковник Дүйсенғали Шайкенов.