Халық-Life» сақтандыру компаниясы халықаралық деңгейде жоғары рейтингке енді

Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ-на «ВВВ–» және «kzAAA» жоғары рейтингтерін берді. 

2022 жылғы 16 тамызда Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ-на қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ–» деңгейінде және қазақстандық ұлттық меже бойынша «kzAAA» рейтингісін берді. Рейтингтің өзгеру болжамы – «Тұрақты».

Агенттік сарапшылары қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында «Халық-Life» АҚ-ның жетекшілік ұстанымдары мен пайданың жақсы көрсеткіштерін, сондай-ақ «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Халық Банк) («BB+»/Тұрақты/B) стратегиялық маңызды еншілес компаниясы болып табылатынын атап өтті.

«Біздің Компаниямыз халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген қаржылық тұрақтылық рейтингісіне ие. Дегенмен, S&P Global Ratings агенттігі тарапынан жоғары рейтингтің берілуі Компанияның Қазақстан нарығындағы сенімді ұстанымдарын тағы да дәлелдейді. Біз үшін бұл өте маңызды оқиға, өйткені алынған рейтинг елдегі өмірді сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары болып табылады және бүгінгі күні Компаниямыздың саланың көшбасшы екенін растайды. Агенттік хабарламасында атап өтілгендей, «Халық-Life» АҚ-ның кредит төлеу қабілеттілігінің сипаттамаларына оның тәжірибелі басқару командасы, тәуекел-менеджменттің қалыптасқан тәжірибесі және қаржылық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін өтімділіктің елеулі қорлары оң әсер етті. Біз өз клиенттеріміздің алдындағы міндеттемелерді тиімді орындау үшін Компанияның әлеуетін одан әрі дамытуға ниеттіміз», – деп түсіндірді Басқарма төрағасының орынбасары А.З.Жексембаев.

Агенттік сарапшылары сондай-ақ, «Халық-Life» АҚ-ның нарықтағы мықты ұстанымдары мен мол тәжірибесін, сондай-ақ Компанияның айтарлықтай дамыған дистрибуция желісі мен Қазақстандағы ірі қаржы тобымен қауымдастырылған жақсы танымал бренді бар екенін атап өтті. «Халык-Life» АҚ өмірді сақтандыру бойынша қызметтерді ұсынатын ірі Компания болып табылады, сонымен қатар қол қойылған сақтандыру сыйлықақысы-брутто көлемі бойынша нарықтағыүлесі 33%-ды, ал активтер көлемі бойынша 30% құрайды.

Компания 2018-2021 жылдары бизнестің айтарлықтай өсімін көрсетті. Агенттіктің болжамдары бойынша 2022 жылы«Халық-Life» АҚ-ның бизнес көлемі күрделі макроэкономикалық жағдайды  және банктік сақтандыруды реттеудің өзгеруін (қарыз алушылар үшін сақтандырукомпаниясын бірнеше нұсқадан таңдау мүмкіндігін қосаалғандаескере отырыпшамамен сол деңгейде сақталатынболадыАлайда, 2023-2024 жылдары бұл өсім нарық бойынша орташа мәндерге сәйкес 10-15% шегінде болады күтілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Атыраулық мұғалімдерге STEAM біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды

Дүй Там 22 , 2022
Оқылды: 746 Атырау облысының мұғалімдеріне оқушыларды оқытуда пәнаралық кіріктіруді үйрететін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.   Атырау қаласында STEAM мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының ресми аяқталуы өтті. Бағдарламаға Атырау қаласы мен облысының 26 мектеп, 2 жоғары оқу орны, 5 колледж және 5 қосымша білім беру ұйымынан 160 мұғалім қатысты. Біліктілікті арттыру курстары […]