Ташкентте «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумы өтіп жатыр. 19-20 мамыр аралағындағы Туристік индустрия өкілдерінің басын қосқан аталмыш іс-шараға еліміздің мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та қатысты.
Форумға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты ШЫҰ мүшелері-туристік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау және туризмді дамыту бойынша халықаралық сарапшылар, басшылар мен құрметті қонақтар, министрліктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Форумда – ұйымға мүше мемлекеттер арасында туристік өзара іс-әрекетті, сенім мен достықты, тату көршілікті нығайту, сауда-экономикалық әріптестікті дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, мәдени-тарихи нысандарды сақтау және күтіп ұстау, ШЫҰ мүше мемлекеттердің туристік әлеуетін ілгерілету міндеттерін жүзеге асыру мақсаты көзделген.