27.04.20. ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында Қазыбек Иса Премьер-министр Әлихан Сайыловтың атына фракцияның атынан депутаттық сауал жолдаған. Онда тіл заңына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс айтқан.
Бұл жиында сөйлеген сөзі Парламент мәжілісінің сайтында да тұр.
https://parlam.kz/kk/mazhilis/vgallery
Ал әлеуметтік желіде осы фракцияның тіл туралы ұсынысын басқа депутаттар қолдамады деп айыптап кетті. Ол ақпарат «Қазақ үні» сайтында да жарияланды. https://qazaquni.kz/ult/160100-aq-zol-ulttyq-ideologiya-koncepciyasyn-qabyldau-kerek
Яғни, ақпаратты Мәжілістің отырысында дауыс бергендей қылып таратқан. Демек Қазыбек Иса бұл мақаласында манипуляция жасаған. Автордың жеке парақшасында қолдаған депутаттар саны да бірнеше рет өзгерген. 39, 40,41. Соңғы жазғанында 41 депутат. Демек өзге депутаттар мәжіліс отырысынан кейін қол қойған. Қазыбек Исаның бұл жазбасынан кейін халық «68 депутат неге дауыс бермеді»,- деп шулады.
Ал, «Қазақ үні» газетінің бас редакторы Азамат Тасқара фейсбук әлеуметтік желісінде Қазыбек Исаның атына сөзін келтірген. Онда Қазыбек Иса әріптестеріне жеке хабарласқанын. Сонда 107 депутаттың 40-ғана қолдағанын атап өткен. Журналист Сәуле Мешітбайдың «қалған депуттар қайда»,- деп сұрау салғанын жазған.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4583746015059220&id=100002716015581
Бұл ұсынысқа қол қоймаған Аманат партиясының өкілдері Берік Әбдіғали, Ерлан Сайыров сияқты депуттар бірнеше күннен кейін ғана фейсбук әлеуметтік желісінде ешқандай да дауыс берілмегенін, тек Қазыбек Иса өзі премьер-министрдің атына сауал жолдағанын жазды.