Әскер – ел қорғаны

Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында нұсқаулық әдістемелік сабақ бойынша жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Сабақ барысында механикаландырылған бригада жеке құрамының ептілігі мен жауынгерлік қабілеті сыналды. Жеке құрам жаттығуларды барынша пысықтап, ауа-райына қарамастан жоспарлы дайындықты сәтті жүзеге асырды.

Қысқы кезеңде әскери құрамның мықтылығын анықтаған жоспарлы дайындық, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. БМП-2 жаяу әскер ұрыс машинасының негізгі калибрінен бастап, танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы миналарға дейін қолдану туралы нұсқаулар көрсетілді.
Нұсқаулық әдістемелік сабақ – бұл жеке құрамды жауынгерлік және тактикалық дайындықты оқытудың ең жоғары түрі болып саналады. Жаттығудың мақсаты нақты ұрыс жүргізуде нысаналарды жою дайындығын көрсету. Былтыр әскери борышын өтеуге келген сарбаздар өздерінің біліктіліктерін шыңдауда. Жаттығу ойдағыдай өтті, – деді бригаданың рота командирі аға лейтенант Сапармұрат Хикматов.
Қуатты әскер – тәуелсіз мемлекеттің қорғаны. Кедергілерден сүрінбей өтіп, санаулы сағаттарын үнемдей білген жеке құрамның психологиялық, физикалық тұрғыдағы көрсеткіштері жоғарғы деңгейде. Барша қиындықтарды еңсеріп, жетістікке жеткен әскерилер тәжірибе жинақтауы, дайындық жұмыстары қашанда артық емес.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстанда обыр дерті өршіп тұр

Дүй Ақп 7 , 2022
Оқылды: 1  129 Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Біздің мақсатымыз – халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыру. Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық […]