Жас сарбаздар ант қабылдады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында 100-ден астам жас сарбаз ант қабылдады. Салтанатты жиын ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінде өтті.

Аталмыш рәсімге 52859 әскери бөлімінің командирі, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен ант қабылдаушы сарбаздардың туыстары қатысты.
Жаңадан ант қабылдаған 107 ел ұландарына әскери бөлім командирі, қызметтік міндеттерін адал және жауапкершілікпен атқаруға, әрдайым кәсіби дағдыларын шыңдап тұруға, елге қызмет етіп, аман-есен үйлеріне оралуына тілек білдірді. Сонымен қатар оларды ерлік пен батырлықтың үлгісі болуға шақырды. Қатарластарымен қолына қару алып, абыройлы міндетін атқаруға келгендердің бірі Ерлан Мәулітбек. Жас сарбаз қатарлас жауынгерлік достарына сәттілік тіледі.
Бүгін біздің отбасымыз үшін қуанышты күн. Үй-іші мақтан тұтар азамат болып, әскери ант қабылдап жатырмыз. Өзім секілді барлық сарбаздарды бүгінгі қуанышымен құттықтаймын. Жігіттер еліне адал қызмет етсін, — деді ол.
Әр сарбаз өз берген антына сай қызмет атқарып, жауапкершілігі мол қызметтерінде адал еңбек етері анық-, дейді әскери қызметкерлер. ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің мамандары жоғарғы қабаттан өрт жағдайында тұрғындарды құтқару, қауіпсіз аймаққа шығару жұмыстарын жүргізіп, айтып келмейтін апат кезінде мамандардың қызметке дайын екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Шара соңында әскери бөлім қызметкерлері мен ант қабылдаушы жас сарбаздар естелік суретке түсті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Halyk Bank екінші деңгейлі банктерге көмектесіп жатыр

Сей Қаң 11 , 2022
Оқылды: 1  121 Halyk Bank апта басталғалы Семей қаласындағы бірнеше екінші деңгейлі банктерге ортақ көмек көрсетуде. Банк қызметкерлері Halyk Bank еншілес құрылымындағы әріптестерімен бірге кейбір қаржы институттарына ақша жеткізуді қамтамасыз етуіп жатыр. Мәселен, 10 қаңтарда одан әрі жұмыс істеу үшін ЦКБ-ке, ал бүгін қажетті қаражат Jusan Bank-ке жеткізіледі. Halyk Bank атап […]