Гарнизонда дөңгелек үстел отырысы өтті

Бүгінгі қоғамда нашақорлыққа жол жоқ. Дәл осындай мақсатты көздеген Қарағанды гарнизонына қарасты механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері сержант сағатын ұйымдастырды.

«Нашақорлық – ғасыр індеті» тақырыбында өткен отырысқажиналғандарға нашақорлықтың зияны мен одан сақтанудың жолдары туралы айтылды.

Бүгінгі сержанттық сағаттың жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол. Отырыс барысында одан сақтанудың жолдарын қарастыруға бағыттайтын бейнефильм көрсетілді.Кездесу барысында қатысушыларға нашақорлықтың жаман әдет екенін нақтылайтын ақпараттық парақшалар таратылды.

Жалпы бұл отырыс көздеген мақсатына қол жеткізді. Сержанттық сағатта айтылған мәліметтер қатысушыларға тәлім береді деген ниеттемін. Мұндай шаралардың өткізілуі жағымды әсер етері анық, – дейді механикаландырылған бригада командирінің орынбасары подполковник Әзілхан Рысбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ» ДАЙЫНДАҒАН РЕЙТИНГТЕР САПАСЫЗ – ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ

Сей Қаз 26 , 2021
Оқылды: 1  110 Академиялық адалдық лигасының платформасында білім саласының сарапшылары еліміздің жоғары оқу орындарына жасалатын рейтингтерді талқылады. Қатысушылар Қазақстандағы академиялық рейтингтер сапа стандарттарына сай келмейтінін айтты. Олар жоғары оқу орындарының жақсаруына көмектесудің орнына, керісінше, сапасыз рейтингтері арқылы олардың беделін төмендетеді. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметіне және жоғары және жоғары […]