Мерзімді әскери қызметке шақыру басталады

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы  Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру  іс-шаралары басталады.


Президенттің тапсырмасына сәйкес Қорғаныс министрлігінде өткен жылдармен салыстырғанда Қарулы Күштерге әскерге шақырылушылардың санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланғанын айта өту қажет.
Қолданыстағы заңға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз ететін азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару олар әскерге шақырылған күннен бастап он екі ай өткеннен кейін  жоспарлы түрде жүргізілетін болады.
Осымен екінші жыл, әскерге шақыру кампаниясы пандемия жағдайында өткізіліп жатыр. Әскерге шақыру және жиын пункттерінде  коронавирус инфекциясының алдын алудың және оның таралуына жол бермеудің  практикалық тәжірибесі пысықталған.
Өткен әскерге шақыру кампаниясындағы сияқты әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізілетін болады, яғни, әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде және олар әскери бөлімдерге келген кезде.
Белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтау, медициналық маскалармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету  ұдайы Қорғаныс министрінің бақылауында.
Алдағы әскерге шақыру барысында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметінің сервисі арқылы әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар таратуды жалғастыру жоспарлануда. Хабардар ету процесінен жеке қарым-қатынас жасауды алып тастау инфекция жұқтыру қаупін азайтады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін ағымдағы жылғы көктемгі әскерге шақыру кезінде мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату «Электрондық үкімет» порталының «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі арқылы  мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылды.
Барлық ақша талап ету және басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша жедел шаралар қолдану және туындаған жағдай бойынша кеңес алу үшін Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің «Қарулы Күштер – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесіне жүгіну немесе сенім телефондарына хабарласу қажет.
Біз ашықпыз және Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан дайынбыз.
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы – подполковник Нуржан Абдикешев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Стамбулдағы қазақ жастарының ұйымы ашылды

Сен Қаз 16 , 2021
Оқылды: 1  044 Стамбұлда жаңа оқу жылының басталуына орай Түркияға Қазақстаннан білім алуға келген студенттер бас қосты. Аталған жиын Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Жүздесуге Стамбұл, Бұрса мен Сакария қалаларындағы студенттер, Бас консул Әлім Бәйел, Бас консулдық дипломаттары қатысты. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылған жиында жастар қазақ әндерін шырқап, […]