Халық банк жапа шеккен әскерилерге көмектеседі

Halyk Bank Жамбыл облысындағы әскери нысанда болған жарылыстан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.

Арнайы таратылған баспасөз хабарында: “Halyk Bank басшылығы мен банктің мыңдаған адамнан тұратын ұжымы атынан Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан мезгілсіз қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиға ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлерінің өмірін қиып, ел үшін және әрбір қазақстандық үшін орны толмас қайғыға айналды”, – делінген. Сондай-ақ, жарылыс кезінде ажал құшқан азаматтардың несиесін есептен шығаратыны айтылған: Банк басшылығы зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан Halyk Bank  клиенттеріне банктен алған қарыздарды есептен шығару туралы шешім қабылдады. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Короновирусқа қарсы ауруханаларда талдау жүргізіледі

Сәр Қыр 1 , 2021
Оқылды: 1  259 Қазақстанның ауруханаларында инфекция профилактикасы және инфекциялық бақылау жағдайына талдау жүргізіледі. Колумбия университетінің жанындағы ICAP орталығы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп, медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИПИБ) жағдайына сыртқы кешенді талдау жүргізеді. 31 тамыз бен 14 қазан аралығында жеті аптаның ішінде Қазақстанның госпитальдік эпидемиологиясы саласындағы жетекші мамандары кешенді талдау жүргізеді. ММСЖ […]