«Мемлекеттік тіл –менің тілім!» байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімі базасында  «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау – конкурсының екінші кезеңі  өткізілді.

Жылда дәстүрге айналған байқаудың мақсаты – Ұлттық Ұлан сапында, ел мүддесі жолында қызмет етіп келе жатқан өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, қазақ тілін жіті меңгергендерді марапаттау.
Байқауға ҚР Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты  5451, 6505, Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімдерінен келген әскери қызметшілер қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды.  Байқауға «Орталық» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы қазылар алқасының төрағасы, полковник Серікбол Тұрарұлы Әденқұлов, Қарағанды қаласының М.Әуезов атындағы «орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, Жасөспірімдерге қызмет көрсету бойынша 1 филиал кітапханасының меңгерушісі Гүлмаржан Қосжан,  Штаб аудармашысы қатардағы жауынгер Мадина Болатқызы Әмриева қазылық етті.

Түрлі ұлт өкілдерінен құралған әскери қызметшілер қазақ тілін қаншалықты меңгергендерін көрсетіп, түрлі номинациялар бойынша өзара сынға түсті. Бұл жас сарбаздар Отанымыздың тыныштығын қорғайды, демек мемлекеттік тіл мен елдің мәдени құндылықтары олар үшін де өте маңызды. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде «Бастау»: Сәлемдесу – өзін және өзі жұмыс атқаратын ұжым, өңір туралы әңгімелеу, екінші кезеңде «Өрлеу»:  қазақтың қанатты сөздері мен мақал-мәтелдерін білу, үшінші кезеңде «Баяндау»:  берілген тақырыпқа сәйкес сахнада баяндама жасап, өз өнерлерін көрсетті.

Байқау  қорытындысы бойынша, Қарағанды қаласындағы 6505 әскери бөлім клубының бөлініс бастығы және кітапхана бастығы, ефрейтор Владислав Владимирович  Горизанов жүлделі бірінші орынды иеленсе,  5451 әскери бөлімінің 3 жедел мақсаттағы батальоны, 6 ротасы, 1 взводы, 2 бөлімшесінің командирі қатардағы Николай Николаевич Ватагин екінші орынға шықты. Ал  5516  әскери бөлімі байланыс взводының аға маманы – электрлі күш қондырғысының бастығы ефрейтор Ракоф Павел Александрович үшінші дәрежелі алғыс хаттармен  марапатталды.

Бұл күні әскерилердің арасында патриоттық сезімді қалыптастыруда мемлекеттік тілдің маңызды екендігі айтылды. Сондай-ақ келешек сарбаздарды тәрбиелеп, идеологиялық жұмыстарды жүргізгенде, мемлекеттік тіл үлкен септігін тигізеді.

Қарағанды қаласының М.Әуезов атындағы «орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ  Жасөспірімдерге қызмет көрсету бойынша №1 филиал кітапханасының меңгерушісі  Гүлмаржан Болатқызы 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жас сарбаз» қозғалысының қатары толықты

Дүй Шіл 19 , 2021
Оқылды: 1  191 Қарағанды қаласындағы Кеңес Одағының батыры Юрий Николаевич Павлов атындағы жалпы білім беретін мектептің, «Жас Сарбаз» сыныбының қатарына оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізілді.   Комиссия құрамында ұстаздар қауымы мен «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері болды. «Жас сарбаз» сыныбына қабылданатын әр оқушының оқу үлгерімі мен денсаулық жағдайы жақсы болуы керек, бұл […]