Отан қорғау – абыройлы міндет

Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың 60-тан астам сарбазы жақын күндері отбасына оралады.

Олардың басым бөлігі оңтүстік өңірден келген жастар. Іс-шара барысында сарбаздар үшін әскери бөлімнің қызметкерлері қоштасу кешін ұйымдастырды. Бұдан бөлек, бір жыл ішінде әскери міндетін адал атқарған сарбаздар марапат пен естелік сыйлықтарға ие болды.
Әскер қатарындағы бір жыл ішінде Отан қорғаушылар көп нәрсені үйренді. Сарбаздардың айтуынша, әскери бөлімде өткізілген оқу сабақтары мен жаттығу жұмыстары темірдей тәртіпке дағдыландырып, қайсарлық пен жігерлілікке баулығанын да жасырмады.

– Әскери өмір қызықты, жаңа достар тауып, бұл ортаға бауыр басып кеттім. Бір жыл көзді ашып жұмғанша өте шықты, – деді Шымкент қаласынан келген сарбаз Бақытжан Бейсембаев.
Жыл көлемінде автоматты бөлшектеп жинауды үйренген сарбаздар, әскери тәртіп пен дене даярлығының пайдасын мақтанышпен айтады. Қызметін ойдағыдай атқарған ел ұландары арасынан келісімшарт бойынша әскери қызметке қалатын сарбаздар барын да атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Домбыра – халқымыздың асыл мұрасы

Бей Шіл 8 , 2021
Оқылды: 1  106 Қарағанды қаласындағы механикаландырылған бригаданың жеке құрамы ұлттық домбыра күнін атап өтті. Домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мұра. Ол – құнды қазына, ұлттық рух. Елбасы мұрамызды жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ұлттық «Домбыра» күнін белгіледі. Шараны ұйымдастырушылар қоңыр үні мен қазақи болмысына сай, ұлттық брендті жастардың […]