Жемқорлыққа қарсы әрекет – ел азаматының міндеті

Еліміздің мемлекет болып қалыптасуына экономика зор үлес қосатыны анық. Алайда биік ағаштың діңгегін құрт жегендей, дамуымыздағы тағы бір кедергілердің бірі- сыбайлас жемқорлық. Ол тек жүйені ғана емес білдей бір халықты жоюшы фактор. Егер бұл кесапат мемлекет қорғанысын жайласа, келер қауіптің қандай болары айтпасақ та белгілі.

Сыбайлас жемқорлықпен жүргізілер күресте ел Президенті халықтың рөлі мен оның маңызы туралы атап өткен болатын. Бұл «індетті» жеңу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Тіпті осы жолда ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңы, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірінің 2017 жылғы 16 ақпандағы №62 бұйрығымен бекітілген ҚР Қарулы күштерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бар. Жалпы атқарылған жұмыстар қатары өсуде. Соған байланысты берер нәтижесі де жоғары болып отыр.
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанын қорытындылау мақсатында Қарағанды облысы, Октябрь ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы подполковник Абдикешев Нұржан сұқбат берген болатын.
«- Осы жылы жүргізілген жұмыстар қатары біраз болды. Әрине жұмысқа құлшына кіріспейінше, нәтижесін де көрмейтініміз анық. Сол себепті барынша қызмет атқаруға тырыстық. Ең бастысы бастаған істі аяқсыз қалдырмау керек», – деді ол.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қатарында жеке құраммен түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде Қарағанды өңірлік горнизоны Әскери полиция басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Ж.Қайдарұлының жеке қатысуымен өткен кездесу. Жүздесу барысында пара берудің және ақша алудың өте өрескелдік екені және осы іс бойынша сотталған әскери жандарға шыққан сот үкімі жайлы баяндалды. Бұл тек көп жұмыстың бір бөлігі ғана. Себебі ай сайын түрлі жұмыстар жүрігізіліп, оң қорытындысы шығарыылып отырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Отан қорғау – абыройлы міндет

Сәр Мау 30 , 2021
Оқылды: 1  005 Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың 60-тан астам сарбазы жақын күндері отбасына оралады. Олардың басым бөлігі оңтүстік өңірден келген жастар. Іс-шара барысында сарбаздар үшін әскери бөлімнің қызметкерлері қоштасу кешін ұйымдастырды. Бұдан бөлек, бір жыл ішінде әскери міндетін адал атқарған сарбаздар марапат пен естелік сыйлықтарға ие […]