«QOLDA» бағдарламасы әлеуметтік бастамаларды қолдайды

Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының үшінші кезеңі басталды. «Qolda 3.0» үшінші кезеңі азаматтық қоғамның төтенше жағдайларға тиімді ден қою және өткір әлеуметтік мәселелерді шешу әлеуетін жақсартуға көмектесуге бағытталған – деп хабарлайды QazFinance.kz тілшісі Түркітілдес журналистер қорына сілтеме жасап.

«Qolda 3.0» байқауына қатысуға Шымкент пен Қазақстанның 14 облысында төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсететін, өткір әлеуметтік мәселелерді шешетін және волонтерлік қызметті дамытатын үкіметтік емес ұйымдар шақырылады.
Еліміздің аймақтарында 2021 жылдың 15 шілдесінен 2022 жылдың 15 қаңтарына дейінгі 6 айлық мерзімді іске асырылатын 15 бастамаға дейін қолдау жоспарланып отыр. Грант жеке жобаға немесе ҮЕҰ-ның ағымдағы қызметін қолдауға бөлінеді.
Бөлінген қаражат келесі жұмыстарға жұмсалады:
1. Әр түрлі зорлық-зомбылықтың, әсіресе әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және профилактикасы (грант мөлшері 5 млн. теңгеге дейін);
2. Аймақтардағы төтенше жағдайлар кезінде халықты ақпараттандыру мен қолдаудың ұзақ мерзімді және онлайн шешімдерін әзірлеу, аймақтық ҮЕҰ-ның төтенше жағдайларға ден қою қабілетін арттыру, аймақтарда волонтерлікті дамыту (грант мөлшері 5 млн. теңгеге дейін);
3. Эко-волонтерлікке және экологиялық тәрбиеге бағытталған жобалар (грант мөлшері 4 млн. теңгеге дейін);
4. Дағдылар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін дамыту және микро және нано бизнесті бастау жобалары (грант мөлшері 3 млн. теңгеге дейін);
5. Өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты адвокаси жобаларын қолдау (грант мөлшері 4 млн. теңгеге дейін).
Байқауға қатысу үшін https://qolda.org/ сайтында өтінім толтыру қажет. Өтінім жіберу мерзімі 2021 жылдың 4 шілдесі сағат 23.00 дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен). Нәтижелер 2021 жылдың 15 шілдесінда жарияланады.

Сұрақтарыңыз пайда болған жағдай мына электрондық пошталарға жіберулеріңізді сұраймыз: AzharN@ef-ca.org, Aliya@ef-ca.org, https://t.me/Qolda_project
Еске сала кетейік, бағдарламаның бірінші кезеңі 2020 жылдың 23 сәуірінде басталып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын қамтыды. Негізгі мақсат – халықтың әлеуметтік осал топтарына азаматтық және волонтерлік ұйымдарының көмегін үйлестіру арқылы карантиндік және төтенше жағдайлардың халыққа теріс әсерін азайту болды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қазақ тілінде пандемия мен карантин туралы сапалы мазмұндағы материалдар саны айтарлықтай өсті. «QOLDA» бағдарламасының бірінші кезеңінің гранттары (Qolda 1.0) Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан 11 ҮЕҰ-ға, сондай-ақ 7 БАҚ-қа берілді. 2020 жылдың 23 сәуірі мен 23 тамызы аралығында 11 ҮЕҰ 2000-ға жуық мұқтаж отбасыларына көмек көрсетті, шағын және орта бизнес өкілдеріне 1400-ден астам консультациялар, 5 диспансерлік емханаларға 2300 түскі және кешкі ас берілді.
2020 жылдың 9 қарашасында «QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының екінші кезеңі (Qolda 2.0) басталды. Қазақстанның 8 облысынан 12 ҮЕҰ грант алды. Үкіметтік емес ұйымдар Қазақстанның 14 аймағындағы 27752 бенефициарларға қолдау көрсетті. 5 194 отбасы гуманитарлық көмек алды, оның ішінде аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, көмекке мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, ВИЧ-пен өмір сүретін адамдар, онкологиялық науқастар, толық емес немесе көп балалы отбасылардағы бұрын сотталған азаматтар. Әйелдер мен балалар – зорлық- зомбылық құрбандары, өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне барған жандар, суицидке бейім адамдар, мүмкіндігі бар балалардың ата-аналары 1788 психологиялық терапиядян өтті. 3 қоғамдық өзара көмек қызметтері құрылды.
______________
“Qolda” шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте жүзеге асып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
“Шеврон” – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз қол жетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі табысты да тұрақты әлем құруда еңбегі зор деп санаймыз. “Шеврон” мұнай мен табиғи газ шығарады,
транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнай-химия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандыда Ұлттық ұран күні аталып өтті

Дүй Мау 21 , 2021
Оқылды: 910 Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясы мен Қазақ тілі қоғамының ұйымдастыруымен Қазақ күнтізбесіндегі мән-мазмұны жоғары атаулы күннің бірі Ұлттық ұран күні аталып өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған осы атаулы күнге орай өткен шарада жиналғандар қазақтың «Алаш», «Әруақ», «Абылай» ұрандарын айтып ел халқына өздерінің құттықтауларын арнады. Ұйымдастырушылар […]