Тарихи танымға негізделген кеш

 
Бүгін халықаралық музей күні. Осыған орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде ашық есік күні өтті. Бұл шараға қатысқан әскери саланың мамандары, тарихтан сыр тарқатқан туындыларды тамашалап, мерекелік кешке қатысты.

Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің мамандары мен облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері «Музей күнін» атап өтті. Халықаралық музей күніне арналған көрменің атауы «Виват музей» деп аталып отыр. Бұл шараны әскери қызметкерлер мен мәдениет саласының өкілдері бірлесіп атқарды.
–    Көрермендер үшін облыстық бейнелеу өнері музейінің  мамандары ел сұранысындағы туындыларды көрсетпекке бел буып отыр. Тіпті бір жылдан астам уақыт көрмеге карантин салдарынан келушілер қатары сиреп кетті. Бұл ерекше картиналар алтын қордан алынған үздік туындылар. Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің мамандары бүгінгі кеште өз белсенділіктерін танытты. Өнерпаз ұжымға алғыс білдіреміз, – деп өз пікірін білдірді мұражай директоры Бибігүл Сағынтайқызы Құдабаева.
Аталмыш кеште түрлі музыкалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты Камила Нұрланқызы Аринова ән шырқап, Темірлан Ерболатов күй тартты.
–      Бейнелеу өнері музейінде Халықаралық музей күніне арналған ерекше көрме ұйымдастырылып отыр. Бұл шара әскери полиция бөлімінің мамандары мен мұражай қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылған кеш, – деді Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға лейтенанты Ғазиз Нұрқанов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағанды облысында 2 трлн теңгеге 40 жоба жүзеге асырылады

Жұм Мам 21 , 2021
Оқылды: 968 Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысы экономикасының өсу нүктелері туралы айтып берді. – Биыл жалпы құны 285 млрд теңгеден асатын 14 жаңа өндіріс іске қосылады. Кемінде 2,5 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіледі, – деді облыс әкімі. – Мамыр айында QazCarbon компаниясының жаңа […]