«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ИНСТИТУТТАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ИНФОГРАФИКА БАЙҚАУЫ

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы «Қазақстандағы демократиялық институттар» тақырыбындағы инфографика жұмыстарына конкурс жариялайды. Қоғамдық кеңес, сайлау, жұртшылықтың қатысуымен өтетін консультативтік жиналыстар, референдум, Парламент/мәслихат құрылымы мен жұмысы, заң шығару, жергілікті өзін-өзі басқару немесе басқа да демократиялық институтқа азаматтардың қатысуын инфографика арқылы жеткізу қажет.

Үздік үш инфографикалық жұмыстың авторлары ақшалай сыйлық алады:

Жүлделер:

3️ орын – 70 000 теңге

2️ орын – 130 000 теңге

1️ орын – 200 000 теңге

Аталған байқауға тіркелетін инфографика төмендегі критерийлерге сәйкес келуі тиіс:

білім беру және ағартушылық сипатта болу;

инфографикадағы және оның постындағы ақпарат шындыққа сәйкес келу;

нақты қоғамдық немесе азаматтық миссиясы болу;

саяси тұрғыдан бұрмаланбау (қандай да бір саяси партияның, қозғалыстың жұмысы мен мүдделерін жақтау мақсатында дайындалмау);

Инфографиканы жалпы сипаттамасымен, нақтылау үшін #lprcinphographics хештегін қойып әлеуметтік желілердің біріне жариялау. Facebook-те @lprckz немесе Instagram-да @Lprckz парақшаларынын белгілеу қажет.

Жұмысыңыз осы критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда Сіздің өтініміңіз тіркелмейді.

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқау шарттары:

Facebook немесе Instagram парақшаларының бірінде инфографиканы жариялағаннан кейін, кез-келген адам оған Like басу арқылы дауыс бере алады. Дауыс беру 1 маусымға дейін жалғасады.

Инфографика жарияланғаннан кейін Орталықтың ресми парақшасы Сізге қатысушы нөмірін береді. Егер екі күн ішінде нөмір бекітілмесе, lprcalmaty@gmail.com почтасына жазыңыз;

⭕ Қатысушылардың парақшасы конкурстың барлық кезеңінде ашық болуы қажет;

1 маусым сағат 23:59-да өтінімдерді қабылдау және лайк қою арқылы дауыс беру аяқталады;

Қазылар алқасы 8-маусым сағат 23:59-ға дейін байқау нәтижесін шығарады;

Жеңімпаздарды ең танымал 30 жұмыстың ішінен таңдалады.

Бағалау шарттары: шығармашылығында графиканы пайдалану, жалпы визуалды тартымдылық, идея, тақырыпты ашу мақсатында материалдың толық зерттелуі, мазмұны (суреттер, графиктер, пайымдау, диаграммалар), сауаттылық. Қазылар алқасы құрамында белгілі журналист, саясаттанушы және қоғам қайраткері бар. Келесі жазбаларда байқау жайлы басқа да ақпараттар жарияланады.

Байқау «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ ұйымдастыруымен, Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауы арқылы «Демократиялық тәжірибенің қоғамдық бастамаларға арналған бірлескен кеңістігі» жобасы аясында өткізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Астанадағы саябақта ағаш отырғызылады

Бей Сәу 29 , 2021
Оқылды: 1  133 30-сәуір, сағат 11:00 де астаналық саябақта (Панфилов көш. ТК «Городской Романс») Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға жаппай ағаш отырғызылады. Салтанат Рахымбекова атындағы аллеяны оның серіктестері мен пікірлестері, шәкірттері есімін мәңгі есте сақтау және оның азаматтық қоғамды, «жасыл» экономиканы дамыту мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы еңбектерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында 2020-жылдың […]