Марғұлан Боранбайға сауға!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан Марғұлан Боранбайға сауға сұраймын !

Көзіміз ашылғаннан бері қазақ елдігімізге, тілімізге жасалып жатқан зұлым қоғам ортасында өстік. Өзіміз көрмесек те, сонау сұрапыл замандардың таңбасындай қалған «Сары орыстан қорықпа, қара орыстан қорқуың керек», – деген әжелеріміздің аузынан естіген мақалдар, елімізге жасалған зорлық – зомбылық қылмыстың белгілері. Казак атамандары «қара орыстардың»- қара сақалды жүздері келеді көз алдыңа. Сол казактардың тұқымы қазірде елімізде қылыштарын асынып, көше кезіп, мейрамдарында емін-еркін шинельдерін, ордендерін тағып, талтаңдап жүреді. Қазақстанның қалаларында Ресейдің Дума депутаты Федоров бастаған ұйымы НОД – «ұлт-азаттық қозғалысы» өз бөлімшелерін емін- еркін ашып, әрекет етуге кірісті. Қандай ұлтты азат етпекші бұлар?! Кеше ғана емес пе, «Біздің сіздерге сый ғып тартқан жерлерімізді қайтарыңдар»,- дегендері ?!!!

Осындай кезеңде солардың жымысқы саясаттарын әшкерелеп, елімізде бұғып қалған, бізге қарсы астарлы, ескі империялық көзқарасқа ие, «Ұлы Ресейді», СССР- ді қайтаруды армандаған топтарды, өзіміздің ішімізден шыққан «шұбар жыландарды» әшкерелеген, ұлтымыздың, мемлекеттің мүддесін жалғыз өзі ашық түрде қорғаған жалаңтөс батырымыз – Марғұлан Боранбайды түрмеге қамаған екен.

Шамасы, ел билігінің басы-қасында ескі кезеңге бүйректері бұратын, шовинистік НОД, «казак және славян» ұйымдарының «идеологиялық басшылары», мемлекетіміздегі жоғары лауазым иелері жетіп-артылатын жағдайда. Солардың тапсырмасымен НОД казак ұйымдары және басқа да соларға ұқсайтындардың полицияға жазған негізсіз арыз-шағымдары аясында, бір тілім қағаз, тез-ақ уақытта бірнеше томдық қылмыстық іске айналып, қазақ елінің жанашыры Марғұланымыз, «ұлт-араздық туғызды»,-деген сылтаумен бірден зынданға түсті.

Сонау қанішер сталинизм уақытынан бері «қазақ ұлтшылдары» атты  айыптау, қазақ ойшылдарына, саяси көшбасшыларына, ұлттық мүдде қорғаушыларына қолданылған «статьялар» жұмыс істеп, әлі де жалғасып жатыр. Бұл бір қорқынышты түс емес, ағайын, бүгінде болып жатқан жағдай. ФБ жазуларында, ютуб арнасында Президентіміз Қ.К .Тоқаевтың жариялаған декоммунизация, десоветизация, саяси қуғын-сүргін, ашаршылықты әшкерелейтін жұмыстарды атқаруға атсалысқан Марғұландай мемлекетшіл азаматымызға, Тәуелсіз Қазақстанымызда жасалып жатқан күш көрсету. Ол қысым, жалғыз Марғұланға ғана емес, бізге – ұлтшылдарға күш көрсету. «Әлі де, сендердің негізгі қожайындарымыз біз»,- деген Федоровтардың іс-әрекеті. Кімнің қолымен жасалған? Кеше екі ауыз анттың өзін айта алмаған біздің елдің «мақтабас» азаматтары, «кішкентай» никоновтар мен федоровтар, үкімет ішіндегі көрші елдің идеологиялық тапсырмаларын орындайтындардың ісі. Әйтпесе, ары кетсе әкімшілік жазаға ғана лайықты  істі, қылмыстық деңгейге дейін өсірмес еді.

Аса құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза, ұлт жанашыры Марғұлан Боранбай үшін араша, сауға сұраймын. Өз атымнан жазсам да, бұл қалың қазақ елінің зор өтініші, тіпті Қазақ елінің зор дауысы екенін біліңіз. Оның анықтығын әлеуметтік желідегі (Facebook) постыма жазылған комментарийлерден білуге болар. 

 

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған ауылында 1965ж. дүниеге келген.  Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің заң фак. бітірген. ҚарМУ-нің қылмыстық кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарған. Түркиядағы Докуз Ейлюл университетінің докторанты. «Шығыс тәттілерінің Қарағанды фабрикасы» кондитерлік компаниясының директоры.

Сайтымыздың тұрақты авторы.

Сайтымыздың тұрақты авторы.

Қазақ елі, болашақ ұрпақ, бостандықтар мен Демократия үшін

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Медициналық ынтымақтастық меморондумы

Сей Ақп 2 , 2021
Оқылды: 1  955 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» (бұдан әрі ҚДСҰО) мен Колумбия Университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебіндегі ICAP орталығының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі (бұдан әрі ICAP) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жоба «Шеврон» компаниясының бастамасы бойынша және қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады. «Меморандумға қол қою – COVID-19 эпидемиясына қарсы […]