ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2020 жыл бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды. Зерттеу жұмыстарын ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Рейтингке ІІМ, ҰҚК және Қорғаныс министрлігіне бағынышты жоо-лардан басқа еліміздің барлық жоғары оқу орны қатысты.

Рейтинг нәтижесі бойынша анықталған мықты университеттердің ондығында Академиялық адалдық Лигасының құрамындағы университеттер де бар:

 

  1. М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті;
  2. Қазақстан-Британ университеті;
  3. КИМЭП университеті;
  4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  5. Қазақстан-Неміс университеті;
  6. Сүлеймен Демирел атындағы университет;
  7. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  8. Халықаралық білім беру корпорациясы;
  9. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
  10. Нархоз университеті.

108 университет бойынша 2 мыңға жуық білім беру бағдарламасын зерттеу жұмысына 600 сарапшы қатысып, 6 мың қорытынды шығарылды. Рейтинг жоғары оқу орындарының артықшылықтарын анықтау, беделін көтеру және білім беру сапасының ұлттық және халықаралық нарықта деңгейін көтеруге бағытталған. Зерттеу барысында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 27 мамырда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында  жоғары оқу орындары арасында бәсекелестікті дамыту қажеттігін атап өтті. Бәсекелестікті дамытудың бірден бір жолы – қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары нарықтағы сұранысқа қаншалықты сай келетінін анықтау, жоо-лар арасында рейтинг жасау.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ ЖӘНЕ МИНИСТРЛІК ҚҰРЫЛЫМЫН ӨЗГЕРТУ: «ADAL BILIM» ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ

Бей Қаң 21 , 2021
Оқылды: 1  812 Талғат Нәрікбаев ҚР БҒМ қарасты «ADAL BILIM» жобалық кеңсесіндегі қызметінен бас тартты. Сайлау нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты VII шақырылымының депутаты әрі қалалық мәслихаттың Заңдылық, құқықтық тәр тіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы болып тағайындалды.  «Аталған қызмет пен құзыреттілік заң жүзінде жүктелгендіктен әрі қоғамдық жұмыс […]