Қазақстанға PISA бойынша халықаралық сарапшы қажет — Дархан Өте

PISA – экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) мектептегі білім сапасын анықтайтын  халықаралық бағдарламасы. PISA тестіне экономикасы орташа және жоғары елдердегі 15 жастағы балалар қатысады. Соңғы рет 2018 жылы әлемнің 79 елінің оқушыларына арнайы тест ұйымдастырды. «Алғашқы 50 елдің арасында Қазақстан неге жоқ» деген сұрақ Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM платформасында талқыланды.

«Білім-инновация» ХҚҚ-ның президенті Дархан Өте  PISA рейтингінде жоғары орынға көтерілу үшін Қазақстанға халықаралық сарапшы қажет деп санайды.

«Мектебін дамытуды қолға алған біз ғана емеспіз. Бүкіл әлем білім саласына инвестиция құюда. Сондықтан PISA бойынша арнайы сарапшы қажет. Рейтингте жаңа мемлекеттер мен жаңа қалалар күтпеген жерден алға суырылып шығуда. Жай ғана мысал — Эстония. Біз Эстониямен бір одақта өмір сүрдік. Эстониядағы білімнің даму сатысына анализ жасап көрдім. Олар ең алдымен мектептер мен мұғалімдерге академиялық дербестік берді. Екіншіден, заманауи оқыту тәсілдерін тәуелсіздік алған сәтте енгізіп тастады. Үшіншіден, мұғалімдердің айлығын көтерді. Эстонияда қарапайым мұғалім орташа есеппен 1600 евро жалақы алады»,- дейді  Дархан Өте.

 «PISA тестіне Қазақстаннан 9 сынып (44%) және 10 сынып (53,4%) оқушылары қатысты. Шын мәнінде PISA-ға дайындық бастауыш сыныптан басталуы қажет. Ал мемлекеттік және ұлттық университеттен шыққан педагогтердің бәсекеге қабілеті төмен»,- деді Astana Garden School мектебінің негізін қалаушы Нұрмұхамед Досыбаев.

2018 жылға арналған PISA рейтингінде алғашқы ондыққа Қытай  Сингапур, Макао, Гонконг, Эстония, Канада, Финляндия, Ирландия, Оңтүстік Корея, Польша енген. Тест әрбір үш жыл сайын тапсырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Мәулана әулиені еске алу рәсімі

Сей Жел 22 , 2020
Оқылды: 1  371 Түркияның Конья қаласында қасиетті Мәулананың қайтыс болуына 747 жыл толуына орай, еске алу іс-шарасы өтті. Бүкіл әлемдегі ковид дертінің асқынуына байланысты салтанатты мерекеге көрермендер шақырылмады. Есесіне, Түркия Мәжіліс төрағасы Мұстафа Шентоп, Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой, Коньяның губернаторы Вахдеттин Өзкан, қасиетті Мәулананың 22-ұрпағы Эсин Челеби Байри, […]