КАЗГЮУ студенттері қоғамдық істерге атсалысады

 М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында университетте HUB алаңын құру жоспарланып отыр. Онда студенттер АБҚО-дан гранттық қаржыландыру алған қоғамдық ұйымдардың жобалық қызметіне атсалыспақ. Сондай-ақ КАЗГЮУ орталыққа азаматтық қоғам мәселелері бойынша консалтингтік қызметтер көрсетеді. «АБҚО» КЕАҚ Басқарма төрайымы Батима Мукинаның айтуынша, КАЗГЮУ – қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы алғашқы серіктес.

«Жалпы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы өз жұмысында жаңа қадам жасады. Енді үкіметтік ұйымдармен ғана емес, бизнес-қауымдастықпен, сарапшылар қауымдастығымен және түрлі халықаралық қаржы ұйымдарымен де бірігіп жұмыс істейтін боламыз. Бүгін біз алғаш рет академиялық қауымдастықпен, беделді университетпен меморандумға қол қойдық», – деп атап өтті Батима Қуанышқызы.

Бірлескен гранттық өтінімдерді даярлау және ұсыну мақсатындағы бұл серіктестігіміздің тиімді тұстары көп. Енді университет жастары да зерттеу процесіне және жаңа жобаларды жүзеге асыруға атсалысатын болады.

«Университетіміздің басты миссиясы – Отанға қызмет ету. Сондықтан  әлеуметтік салаларға қатысты жобаларды жүзеге асыруда тәжірибеміз мол. КАЗГЮУ-дің ғылым саласында жүрген студенттері де зерттеу процестеріне қатысады. АБҚО-ға азаматтық қоғам мәселелері бойынша академиялық қоғамдастықтың сараптамасын ұсынатын боламыз. Сондай-ақ біздің әріптестігіміз үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) жобалары шеңберінде құқықтық, әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойынша өзара тиімді идеяларды іске асыратын  платформаға айналады», – деді Талғат Нәрікбаев.

 Дереккөз: М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Халық банктен пәтер ұтып алды

Дүй Қар 9 , 2020
Оқылды: 1  520 Қараша айында Halyk Bank-тің “Ай сайын пәтерлер ұтыс ойыны” ауқымды науқанының жеңімпазы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ұлан ауылының мұғалімі Галияш Барлыбаева атанды. Жеңімпаз Алматы қаласындағы “Хан-Тәңірі” элиталық тұрғын үй кешеніндегі 3 пәтердің алғашқысын жеңіп алды. Жыл соңына дейін осы беделді тұрғын үй кешенінде тағы 2 пәтер ойнатылады. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды акция, яғни Алматы […]