Біз үкіметтен талап еткен кезде материалдық жағдайды басты назарға қоямыз. Киім, тамақ, үй талап етеміз. Неге, сапалы білім бер,-деп сұрамасқа? Мектептер мен университеттер сапалы білім бермейді деген талаппен митингке шыққан адамды көрдіңіз бе?
«Лайықты білім бере алмайды, сапалы білім алудың жолын көрсет,-деп те ешкім шуламайды. Жалпы халық емес, белгілі бір қоғам өкілдері ғана бұл мәселені көтеріп жүр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім беру саласын дамытуға ерекше тоқталғаны белгілі. «Экономика білімге тәуелді болған соң, бұл саланы түбегейлі реформалау керек»,-деді. Осыған орай, 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе өсетін болды.
Ерболат Мұхамеджан Білім және ғылым министрлігі өте дұрыс шешім шығарғанын да атап өтті:
– әлеуметке проблема шыққан соң, халық мұны білуі керек. Грантты бұрын университтке беретін. Университеттер соған жабысып отыратын. Қазір грантты студентке берді. Студент түскен университетіне көңілі толмаса, басқа рейтингі жоғары оқу орнына ауысып кете алады. Мұндай оң өзгерістер осыдан 15 жыл бұрын жасалуы керек еді,- дейді Ерболат Мұхамеджан.
Ерболат Мұхамеджан
М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті Басқарма Төрағасының орынбасары
Дереккөз: М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті Баспасөз қызметі