ЕЛУ ЖЫЛДА ЕЛ ЖАҢА

100 жыл, бір ғасыр бұрын қазақтың басына бақыт болып туған біртуар Алаш тұлғаларының ішінде Әлімхан Ермековтың орны мен еңбегі бір төбе. Шекараны белгілеп, өлшеп-пішіп беруі, қәзіргі сөзбен айтқанда, бір алып жоба ретінде дайындап, сол кездің билігі алдында қорғап шығуының өзі әлі де аз айтылған, зерттелген, зерделенген асыл мирас. Ғалымдарымыз тарихи уақиғаның қалай өтікізіліп, өрбігенін әлі де тереңдей іздестіріп, анықтай жатар. «Елу жылда ел жаңа», – дейді дана халқымыз. Екі елу жыл өтіп, жаңа бір елу жылдың басында тұрмыз. Тағы бір жол айрығында. Бұдан кейін тек көшбасшы, тек партия, тек бір бағдарлама жолын сақтай дамуды жалғастырамыз ба, жоқ сайлау жолымен ел басы, қала басшысы, соттың төрағасы, мектеп директорлары, тағы басқа көптеген лауазымдарды уақыты келгенде ауыстыратын демократиялық сара жолды таңдаймыз ба? Дамыған елдердің жолын? Парламенттің екі палатасының жиналған отырысы 1-ші қыркүйекте  өтетінін мәжіліс басшысы Н.Нығматулин хабардар етті. Бұл отырыста қазіргі депутаттардың келешегі анықталып, мәжілістің таратылу уақыты да белгілі болар.
http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
Биліктегі партияның праймериз ұйымдастыруы, уақыт пен заман талабы келген мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауының жақын арада өтетінінің алғашқы белгісі. Тағы бес жылға сайланатын депутаттар бұл жолы партиялардың дайындаған тізімі арқылы өтеді. Қай партия қанша пайыз дауыс алса, соған байланысты барлық деңгейдегі депутаттарға сондай орын бөлінеді. Қазақ елі тарихында алғашқы рет барлық өңірлерде көппартиялық мәслихаттар қалыптасады. Билік партиясымен таласатын бес партия бар қазір, тіркеуден өткен. «Ақ жол», «Коммунистік партия», «ЖСДП», «Ауыл» және «Береке» партиялары. Қалған жаңадан ұйымдасып жатқан партиялар тіркеле алады ма, бұл сұрақтың жауабы билік пен уақыттың еншісінде.
Көпшілікті мазалайтын негізгі мәселе:
– кімге дауысымды берейін, бармай, үйде жатып бойкот жасасам ба, көшеге шығып келіспейтінімді білдірсем бе?- дегендей сұрақтар.
Әрине басқа елдердегідей, мысалы Түркиядағыдай, сайлаушы сайлауға қатыспаса, айыппұл төлейтіндей қылсақ, дұрыс-ақ болар еді. Елдің көбі қатысатын болса, дауыс ұрлығы да азаяды. Сіздің орныңызға дауыс бере алмайды, бармасаңыз ұрланып кетеді. Түркияда дауыс бергенді дауыс емес – «ой» беру дейді. Балаларыңыздың, жалпы мемлекетіңіздің болашағын ойлана-толғана «ойыңызды» беріп, келешегіңізді сол ой-армандарыңызбен байланыстырасыз. Бұл жолы біз бәріміз тек дауысымызды ғана емес, келешекке байланысты ойымызды жинап, бағдарламасы түзу, мүшелері қазақ еліне адал деген, көңіліңізден шығар партияға берсек. Қанша күтсек те дайын саясаткер, қателіксіз адамды арамыздан таба алмаймыз. Оны өзіміз өсіріп, саяси жолдардан өткізуіміз қажет. Өзіміз таңдаған «Ауыл», «Ақ жол» немесе басқа да партияларға бір мүмкіндік берейік, билік партиясы сапында өздерінің демократиялық ұстанымдары үшін мәслихат, мәжіліске ешқашан өте алмайтын азамат және азаматшаларға жол ашайық. Немкеттілік танытпайық.
Жаңа партиялар мәжіліс, маслихаттарға кіретіндей болса, басқару жүйесінде саяси қан айналымының жылдамдығы артар, жаңа есімдер келіп, өзгерістер болар. Мен өзім болсам, ойымды «Ақ жол» партиясына беремін. Себебі, тек А.Перуашев басында болған осы партия марқұм Ағаділдің қалай өлгеніне байланысты парламентте сауал қойған еді. Оған қоса кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтындар да солар, «оппозиция» түсінігін заңдастырып, парламенттегі оппозиция заңын қабылдаттырған да солар еді. Қазақ тілін тек мемлекеттік тіл ету үшін үндеу таратқан «Қазақ үні» газетінің бас редакторы, ел сыйлайтын Қазыбек Иса ағамыз да «Ақ жол» -дың төраға орынбасары. Мұндай ел мен тіл жанашыры болған ағамыз бұл партияны қолдап жүрсе, ол партияның қатарындағы мүшелері де нашар болмағаны ғой, сірә.
Елу жылда ел жаңа, жаңалануға әзір болайық, ағайын!  Қазақ елі, болашақ ұрпақ, бостандық пен демократия үшін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

STEM байқауының жеңімпаздары анықталды

Бей Там 27 , 2020
Оқылды: 2  482 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. «Білім керуені» жобасы «Шеврон» компаниясымен бірлесе отыра, педагогикалық және басқа мамандық студенттеріне арналған STEM байқауының нәтижелерін жариялайды. Атап айтсақ, жаратылыстану-ғылыми және инженерлік саланы дәріптеу мен дамыту мақсатында STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) әдістемесі пәнаралық тәсілді ұсынған эссе және мектеп сабақ жоспарларының […]