Биыл қажылыққа баруға тыйым салынды

Сауд Арабиясы коронавирусты бақылау мақсатында шетелдік қонақтарға биыл қажылыққа баруға тыйым салды.

Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруға сәйкес, биыл оған тек Сауд Арабиясында тұрып жатқан азаматтар қатыса алады. Ережеге сәйкес алаңдағы адамдар саны мыңнан көп болмауы керек. Ал, жыл сайын қажылық үшін  шамамен екі миллион адам Мекке мен Мединеге баратын еді.

Қазіргі таңда Меккедегі әйгілі ұлы мешіт Масджид әл-Харамның қасындағы такси кассасы бос тұр. «Жұмыс жоқ, жалақы да, ештеңе де жоқ» – дейді касса иесі Саджад Малик.

– Әдетте қажылыққа баратын екі-үш айдың ішінде такси жүргізушілері жыл соңына дейін жететін ақша табатын едік. Бірақ қазір ештеңе жоқ.

Бүгінде көлік жүргізушілері жолаушылардан айырылып, қала елес қалаға ұқсайды. «Менің жүргізушілерімде тамақ жоқ, қазір екі-үш адамға арналған бөлмеде 4-5 адам ұйықтайды», – дейді Саджад.

Ол туған жері Пәкістанға оралғысы келмейді. Негізінен, Сауд Арабиясы көрші елдерде ақша табуға тырысатындар үшін экономикалық мүмкіндік болып табылады. «Сауд Арабиясында сегіз жылдан астам уақыт жұмыс істеу маған балаларымды және отбасымды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Біз тегін медициналық жәрдемақы аламыз және қажылық аяқталғаннан кейін көп табыс табамыз деп сенемін»- дейді ол.

«Сауд Арабиясы үкіметінің қажылыққа жұмсайтын шығындарының көп бөлігі биыл үнемделеді. Бірақ оған қоса Мекке мен Медина бизнестен түсетін шамамен 9 -12 миллиард доллардан айрылады», – дейді Эр-Раджхи Капитал қаржы фирмасында зерттеу жетекшісі Мазен әл-Судаири.

Бүгінде Сауд Арабиясы 270 мыңнан астам коронавирус оқиғасын тіркеді, шамамен 3000 адам қайтыс болды, бұл Таяу Шығыстағы ең үлкен көрсеткіштердің бірі.

Қажылық, Құрбан шалу  мұсылманның  парыздары болып саналады.  ҚМДБ мәліметінше, Құрбан айт биыл 31 шілдеден басталып, 3 күн аталып өтеді. «Ораза айт кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы нақты шаралар қабылдап, Ораза айт намазы оқылмаған. Осы жолы да карантин созылатындықтан, өкінішке қарай, біз айт намазын мешіттерде оқи алмаймыз», – деп хабарлады.

Қазіргі таңда Қазақстанда ауырғандар саны 86 мыңнан асты. Шілденің 29-ы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырған еді.

https://www.bbc.com/news/world-middle-east-53571886?intlink_from_url=&link_location=live-reporting-story

https://www.bbc.com/news/world-middle-east-53140914

https://www.bbc.com/news/business-53532941

Нұрәсем Ахан. Қарағанды облысы, Жәйрем кенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

 Бейруттағы жарылыс

Бей Там 6 , 2020
Оқылды: 1  831  Бейрутта жарылыс: порт қызметкерлері үй қамауында, ал құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ливанда 4 тамыз, жергілікті уақыт бойынша 18: 00-де Бейрут теңіз портының базасында бірнеше күшті жарылыстар болды. http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Жарылыс Ливандағы Қазақстан елшілігінің ғимаратына зиян келтірді. Елшілік қызметкерлерінің көбісі жұмыс күні аяқталғаннан кейін […]