Атырауға медициналық көмек берілді

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

«Халық» қайырымдылық қоры Атырау облысының тұрғындарына 1000 пульсоксиметр, 100 жылжымалы оттегі концентраты, «Авифавир» медициналық препаратының 100 қаптамасын жолдады.

Бүгінгі таңда Атырау облысы коронавирус инфекциясына шалдыққандардың ең көп саны тіркелген өңір, сондықтан бұл өңір медициналық жабдықтарға зәру. Осыған байланысты «Халық» қайырымдылық қоры сатурация мониторингі және коронавирус инфекциясын емдеу кезінде қолданылатын 1000 пульсоксиметр, 100 жылжымалы оттегі концентраты, стационарлық жағдайларда коронавирус инфекциясының ауыр жағдайларын емдеуде әлемдік тәжірибеде қолданылатын «Авифавир» медициналық препаратының 100 қаптамасын жолдады. Жабдықтар мен дәрі-дәрмектер Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасына медициналық мекемелерге тарату үшін жеткізілді.

Осы аптаның басында қор Атырау облысының тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға COVID-19 емдеу кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер, ең қажетті азық-түліктер, тазалық және антисептикалық заттардан тұратын салмағы 60 тоннадан асатын 1000 жиынтық таратылды.

Айта кетейік, елде төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап, «Халық» қайырымдылық қоры Қазақстанда коронавирус инфекциясы салдарын жоюға және күресуге бағытталған үлкен игі істер атқарды, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 20 000-нан астам азық-түлік жиынтығын тегін таратып, медицина қызметкерлеріне ақшалай төлемді берді және қажетті жабдықтар: ИВЛ аппараттары, ПЦР зертханалары және жедел жәрдем машиналарын табыстады. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы – 5,5 млрд теңге.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жаһандану және постмодернизм кезеңіндегі қазақ елі.

Сей Шіл 28 , 2020
Оқылды: 1  547 Әлемдегі  дамыған мемлекеттерге жаһанданудың шапшаң ілгерілеуі  пайдалы екенін бәріңіз де білесіздер. Себебі бұл жағдай сол елдердің шығарған өнімдерінің нарығын кеңейтеді. Глобализация- жаһандану үдерістері Америка, Батыс Еуропа, Араб, Қытай ,Үнді мәдениеттерін күшейтсе, «даму кезеңіндегі экономикаға» ие елдердің мәдениеттерін әлсіретеді. Экономикаларының сыртқы елдерге тәуелді болуы, жалпы мәдениеттің жойылуына,  ұлттық мәдениет […]