Өлкетану веб-квестінің жас қатысушылары көрнекті орындар картасын жасайды

«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» өңірлік байқауы екінші рет өткізіледі. Веб-квестке мектеп командалары қатыса алады. Ол үшін компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, туған өлкесінің көрікті жерлері мен әсем мекендерін көрсету қажет.
Байқаудың бастамашысы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы болды. Алғашқы өлкетану веб-квест өткен жылдың қыркүйегінде өтті. Оған облыстың барлық өңірлерінен мектеп командалары 20 жұмыс ұсынды. Авторлар 3D панорама жасау шеберліктерін көрсетті. Қазылар алқасы 7 үздік жобаны таңдап алды.
Екінші облыстық байқау 2019 жылы 25 желтоқсанда басталды. Жарыс үш кезеңнен құралады: сырттай, қашықтықтан және күндізгі. Осы жылдың сәуір айының соңында қорытынды шығарылады.
Веб-квест қатысушылары өз жұмыстарын орналастыратын kartakrg.kz арнайы сайты құрылды. Осылайша, оқушылар күшімен құрылған облыстың көрікті жерлерінің картасы пайда болады.
– Кез келген квест сияқты, мұнда сіз біраз шытырман оқиғалар, қызықты деректер, жарыс рухы, күтпеген олжалар мен шешімдер таба аласыз. Егер сіз өз командаңызды құрғыңыз келсе, қош келдіңіз. Біз кері байланысқа үміттенеміз, пайдаланушылардың пікірлерін күтеміз, – дейді сайт модераторы, М. Жұмабаев атындағы № 39 гимназияның робототехника мұғалімі. Әділбек Бердіқожаев.
Екінші байқауға қатысуға өтінімдер облыстың барлық өңірлерінен 66 мектеп командаларынан келіп түсті.
Қорытынды кезеңде қатысушылар өз жұмыстарын таныстырады. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.
Байқаудың ұйымдастырушылары жас ұрпаққа зерттеулерге деген қызығушылықты, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті сіңіруге үміттенеді. Тағы бір мақсат – компьютерлік технологияларды меңгерудің шығармашылық қабілеті мен дағдыларын дамыту.
 

Келесі мақала

Қарағанды облысында құтқару жұмыстары жүргізілді

Бей Қаң 23 , 2020
Оқылды: 1  701 Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Автожолдарды уақытылы жабу, сондай-ақ, ТЖ департаментінің күштері мен құтқару техникаларын көшіру, мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді. Өткен тәулікте Қарағанды, Теміртау, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Ақтоғай және Ұлытау аудандарында адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Қарағанды […]