«Халық» ҚҚ Атырау халқына көмектесті

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

«Халық» қайырымдылық қоры Атырау облысындағы мұқтаж отбасыларға 1000 азық-түлік және дәрі-дәрмек жиынтығын жолдайды

«Халық» ҚҚ Қамқорлық кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаеваның шешімі бойынша Атырау облысындағы мұқтаж және көп балалы отбасыларға бірінші кезекте ең қажетті азық-түлік, жуғыш және антисептикалық заттар, Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталған және тіркелген дәрілік препараттардан тұратын 1000 жиынтық жолдады.

Елімізде карантин режимін енгізуге байланысты күрделі материалдық жағдайға тап болған және дәрі-дәрмекке мұқтаж, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың тізімін Атырау облысы әкімдігі ұсынды.

Жалпы салмағы 60 кг астам әрбір азық-түлік және дәрі-дәрмек жиынтығы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік препараттар, яғни азитромицин, ципрофлоксацин, амоксициллин, ривароксабан, бромгексин, спиролактон, аспирин, аскорбин қышқылы, нимесулид, сондай-ақ жиынтықта – күріш, ұн, қарақұмық, макарон, өсімдік майы, шай, қант, бұқтырылған ет, қойылтылған сүт, тәттілер, жуғыш, антисептикалық құралдар және медициналық бетперделер бар.

Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап «Халық» қайырымдылық қоры COVID-19 коронавирус инфекциясы салдарын жоюға бағытталған үлкен жұмыстарды атқарды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 20 000 астам азық-түлік жиынтығын тегін үлестіру, медицина қызметкерлеріне ақшалай төлемдер, қажетті медициналық жабдықтарды: ӨЖЖ аппараттарын, ПТР зертханалары және жедел жәрдем машиналары берілді. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы – 5,5 млрд теңгені құрады.

«Халық» ҚҚ мемлекет, бизнес, қайырымды жандар мен қазіргі таңда COVID-19-бен арпалысқан бүкіл Қазақстан халқының бірлігі арқасында қауіпті инфекцияны жеңетінімізге сенеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ҚР мемлекеттік орман қоры аумағындағы орман өрті

Сей Шіл 21 , 2020
Оқылды: 1  494 2020 жылдың 10-17 шілде аралығында Облыс әкімдіктерінің және басқа да мемлекеттік орман иеленушілердің қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында 19 орман өрті тіркелді.  http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Ақтөбе облысы бойынша 5 өрт; Батыс Қазақстан облысы бойынша 9 өрт; Қостанай облысы бойынша 2 өрт; Солтүстік Қазақстан облысы […]