29 жыл бойы 26 мыңнан аспады…

Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматына ауырғанда, мүгедек болып қалғанда, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негізде ең төменгі жалақы мен зейнетақыға, жасы бойынша әлеуметтік қамтамасыз етуге кепілдік беріледі. Ал зейнетақы мөлшері 29 жыл бойы мүлде көбеймеуі мүмкін бе?

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Біраз уақыт бұрын Шет ауданы, Өспен ауылынан Тиштық Муканованың шағымы бойынша хабарласқанбыз. «Зейнетақым көбеймейді»-деген Тиштық апай бұрын еш жерде жұмыс істемеген. Сондықтан 79 жасқа дейін 26 мың теңгені қанағат тұтып келген. Зейнеткердің мәселесімен Шет ауданындағы зейнетақы төлеу орталығының басшысы Самал Қалдыбаеваға байланысқа шыққан едік. Самал Амангелдіқызының айтуынша, Тиштык апаның  қазіргі таңда  алып отырған 26 мың теңгесі мүлде зейнетақы емес. ҚР мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңның 13-бабына  сәйкес мүгедектiгi және асыраушысынан айырылғаны бойынша берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақы. Ол қаражат-зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен отбасы мүшелерiне өмiр бойына белгiленедi. Осы заң бойынша күйеуі қайтыс болғаннан кейін Тиштык Татыбайқызына  асыраушысынан айырылғаны жайлы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған.

Біраз уақыт қана бұрын Алматы қаласы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов онлайн-брифинг барысында қайта индексациялау кезіндегі зейнетақы мен жәрдемақылардың  мамыр айында 5%-ға артатыны жайлы хабарлаған болатын.  Осыған орай Тиштык апа сайт редакциясына хабарласқан аралықта 30 мың теңге жәрдемақы алыпты. Тиштық Муканованың үш қызы, бір ұлы бар. Ол кісі өмір бойы бала  қарап, үй шаруасымен айналысқан. Негізінен ешқашан жұмыс істемеген адамдар  базалық зейнетақы алуы керек. 2020 жылғы зейнетақы төлемдерінің ережесі бойынша, Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 17 641- теңгеден басталады. Сондықтан Тиштык Татыбайқызы зейнетақы алу үшін өтінім ұсынар болса, тек базалық зейнетақыға ғана қол жеткізе алады. Егерде мемлекеттен тиісті жеңілдіктер болса, аудандық зейнетақы төлеу орталығы көмектеседі.

Нұрәсем Ахан

Қарағанды облысы, Жәйрем кенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ауруханалық аудармашылар жайлы не білесіз

Сен Мам 16 , 2020
Оқылды: 2  824 Қазіргі таңдағы пандемия барша әлемге медицина мен дәрігерлердің құдіретін сездіргендей болды. Ал, осы қиын сәтте одан басқа қандай маман иелеріне қажеттілік туындағанын білесіз бе? http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Әрбір елдің тұрғылықты халқымен қоса мигранттары да болатыны анық. Қазір короновирустың таралуы ең қатты үдеп тұрған АҚШ-14,5%, […]