http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
Қарағандыда көп қабатты үйлердің қасбеттеріне түрлі суреттер салынатын болды. Алғашқы туынды қайтыс болған қорықшы Ерлан Нұрғалиевке арналды. Суретші осы салада 5 жылдан аса уақыт бойы еңбек атқарып келген Чингиз Касимов есімді азамат. Мамандар биыл шаһарда тұрғын үйлердің сыртына төрт түрлі сурет салады. Мамандар, суреттің Нүркен Әбдіров көшесінен бастап салыну себебін, мұнда адамдар көп шоғырланады және өте ыңғайлы жер екенін айтады.