Неге масалар кейбір адамдарды көп шағады

Танымдық қызықты ақпарат

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Кейбіреулер ашық ауада, тыныштықта,табиғатта демалып жүрсе, енді біреулері топталған қанішер жәндіктерге жем болады. Неге бір жерде және бір уақытта масалар екі түрлі әрекет жасайды: біреуіне тыныштық бермейді, ал екіншісіне тіпті қызықпайды?

Кейбір адамдардың ойынша масалар тартымды адамдарға қызығып келіп шағады екен. Бұл құбылысты зерттей келе, мамандар қанды соратын жәндіктердің адамдарға деген қызығушылығы мүлде фантастика емес және де оны дәлелдейтін бірнеше факторлардың бар екенін айтқан.

Киімнің түсі

Белгілі болғандай, масалар белгілі бір түсті киімге құштар болады. Қансорғыштар қара киім киген адамдарды көбірек шағады.

Қозғалыс

Егер сіз белсенді қозғалсаңыз және қолдарыңызды сілкіп масаны қуамын десеңіз, онда сіз жәндіктерден құтыла алмайсыз, керісінше оларды белсенді түрде өзіңізге тартасыз.

Дене жылуы

Масаның аналығы адамға жақын болған кезде, адам денесінің жылуы оның навигациясы ретінде қызмет ете бастайды. Жәндіктердің сезімтал мүшелері адамның дене температурасындағы ең кішкентай айырмашылықты сезіп, маса жылы адамға тартылады. Мысалы, жаттығу жасап болғаннан кейінгі күй. Сондай-ақ ауру адамдар, жүкті әйелдер, әдетте дене қызуы шамадан тыс жоғары адамдар қауіпті аймаққа түседі.

Көміртегі диоксиді

Масалар көмірқышқыл газының қайнар көзін 50 метр қашықтықта анықтай алады. Табиғи тыныс алу кезінде барлық адамдардан көмірқышқыл газы шығады, бірақ біреу көбірек, ал біреу аз шығарады. Мысалы, жүкті әйел басқа адамдарға қарағанда 21% -көп көмірқышқыл газын қамтиды. Бір қызығы масаларды балалар қатты қызықтырмайды, өйткені олар ересектерге қарағанда көмірқышқыл газын аз бөледі.

Ішімдік ішу

Қан соратын жәндіктердің ауада немесе қанда алкогольдің бар-жоғын қалай анықтайтындығы әлі белгісіз. Бірақ көптеген масаның назарын аудару үшін 350 мл сыра ішу жеткілікті болатыны анықталған.

Тері қасиеттері

Сіздің масаларға және басқа да жәндіктерге деген сүйкімділігіңіздің 85% -ы терінің қасиеттеріне байланысты. Сіз ақ түсті киім киіп, серуендеп, аз дем алып, аузыңызға бір тамшы алкоголь ішпей жүрсеңіз қансорғыш жәндіктер жолай қоймайды. Алайда сіздің теріңіздегі бездерден бөлінетін сүт және зәр қышқылы көп болса, жәндіктердің үнемі шабуылына дайын болыңыз.

https://mydiscoveries.ru/

Материалды aimaq09.kz сайтына орысшадан аударып дайындаған

 Әлия Қайып, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Мектеп түлектеріне аттестат қалай тапсырылады

Дүй Мам 11 , 2020
Оқылды: 1  693 11-СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ 3-4 МАУСЫМДА ТАПСЫРЫЛАДЫ http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. «Жыл сайын бұл іс-шара маусым айының ортасында өткізілетін. Бірақ мектеп бітірушілер үшін қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейтінін және ҰБТ-ға қашықтан дайындалу қажеттілігін ескере отырып, бұл іс-шараны маусым айының басынды өткізу туралы шешім қабылдадық. Іс-шара аясында салтанатты […]