15 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІЛДІККЕ ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың жарлығымен 15 мың теңге коммуналдық төлем төлеуге жағдайы төмен отбасыларға жеңілдік берілген. Бұған дейін тек пәтері бар азаматтарға берілетін еді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ережеге өзгерістер енгізетінін мәлімдеді. Енді пәтер жалдап тұратындар да, пәтері бар – бірақ коммуналдық мекемедегі (түбіртек су мен жылу бұрынғы қожайынның атына келетіндер) дербес шоты өз атына ауыспағандар да 15 мың теңге коммуналдық төлемге қол жеткізбек. Төлем сәуір және мамыр айлары үшін беріледі. Қай қызметке қаншадан төлейтініңізді өзіңіз белгілейсіз. Ол үшін төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласып, үлгі бойынша өтініш жолдау керек. Пәтерді жалдап тұрсаңыз коммуналдық қызметті өз төлқұжатыңызбен төлеп жүрген түбіртектерді де фотоға түсіріп салу қажет. Сондай ақ 15 мың теңге берілетін санатқа жатқанмен, бірақ үй өз атыңызда емес, бірге тұратын туысыңыздың атында болса, яғни сол үйде тіркеуде болсаңыз да 15 мың теңгелік жеңілдікке тапсыра аласыз. Яғни пәтер күйеуінің, баласының атында болып, өзі сол үйде бірге немесе тіркеуде тұрса, сонымен қатар сол үйдің коммуналдық қызметті өз жеке куәлігімен төлеп жүргендер де өтініш жаза алады.

Ләззат Қожахметова «Талбесік» көп балалы аналар қозғалысының төрайымы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандыда қауіпті індеттен екінші адам көз жұмды

Жек Мам 3 , 2020
Оқылды: 1  680 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды өңірінде короновирус кеселінен көз жұмған екінші қайғылы оқиға тіркелді. Қауіпті кеселдің құрбаны болған адам Шахтинск қаласының 1958 жылғы тұрғыны. Бастапқыда оның отбасында жақындарының бірінен короновирус анықталған. Ол бұл сырқаттан емделіп жазылып шыққан. Алайда сырқатты  жақындарының бірінен жұқтырған  1958 жылғы ер […]