Пиротехника ойын құралдары адам өміріне қауіпті

Биылғы желтоқсан айының жиырма бесінен бастап, келесі жылдың 3 қаңтарына дейін Көліктегі полиция департаменті Қарағанды- Сұрыптау стансасы ЖПБ-нің қызмет ету аумағында “Пиротехника” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді.

Аталмыш іс-шара аясында – жаңа жыл мерекесін өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, әкелу-әкету, тәртібінің сақтауын тексеру, кәметтік жасқа толмағандарға сатуға тыйым салуды түсіндіру сондай-ақ сәйкестік сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдерді жеткізушілерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту мақсаты көзделген. “Пиротехника” жедел профилактика іс шарасы кезеңінде Қарағанды-Сұрыптау станциясы ЖПБ-нің қызмет ету аумағында келіп-кететін жолаушылар поездарында, стансаларда, вокзалдарда күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

"Дала сыры, тау жыры” балаларға арналған Қазақстандағы саяхат туралы кітап

Сей Жел 27 , 2022
Оқылды: 690 Алматыдағы «Алмалы кітапхана» кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған “Тау мен дала елінің құпиясы” атты балалар кітабының тұсаукесері және оқылуы өтті. Шараға жинақ авторлары мен танымал қоғам қайраткерлері қатысты. “Дала сыры, тау жыры” кітабы – Étage дизайн студиясы “Шеврон” компаниясымен серіктестікте құрған әлеуметтік жобасы. Қазақ және орыс тілдеріндегі бүкіл […]