Мұхтар Шахановтың үндеуі

Қадірлі бауырлар!
2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жарық көрді. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 13 маусым – Қазақ халқы күні болып белгіленген.
Бұл күн бізді Алаш зиялыларының қазақ халқының болашағы үшін ат үстінен түспей еңбек еткен кезеңге жетелейді. Осы күні 1911 жылы қазақтың қоғам қайраткері Барлыбек Сырттанұлы алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның өтінішімен Қазақ елінің алғашқы Конституциясын жазып шыққан еді. Бұл құжат қазақ даласында осыған дейін белгілі болған «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағының заңды жалғасы іспеттес. Тарихи жадымызды жаңғырту мен ұлттық тарихымызды білуге үндейтін бұл атаулы күн барша халқымыз үшін терең мәнге ие. Бүкіл қазақ жұртының арманы мен аманатын арқалаған осынау тарихи күнді жас ұрпақ біліп өссе, ертеңгі болашағымыздың жарқын болғаны.  Көшпенді қазақ жұрты дегенде көбіміз ат үстінде ұлан-ғайыр даланы дүбірге бөлеген жауынгер жұртты көз алдымызға елестететініміз анық. Осы орайда «қазақтың ұлылығы неде?» – деген заңды сұрақтың туындайтыны заңды. Қазақ халқының ұлылығы,  шынайы  болмыс – бітімі мен бекзаттығы ол тағдыр жазуымен қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған 5 миллионға жуық ұлт пен ұлыстың өкіліне қиналғанда жәрдем беріп, кең құшағын жайып, аман алып қалғанында дер едім. Пейілі кең, дарқан қазақ мен үшін осынысымен қымбат!
Барлықтарыңызды 13 маусым – Қазақ халқы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жұлдыздарыңыз шындық пен парасат биігінде жарқырай берсін!

Құрметпен,
Мұхтар Шаханов,
Қазақстанның халық жазушысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Елімізге еңбек сіңірген азаматтар марапатталды

Дүй Мау 13 , 2022
Оқылды: 769 Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ 13 МАУСЫМ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚ МҰРАСЫН НАСИХАТТАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН ТӘУЕЛСІЗДІК ЛЕНТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛАДЫ: 1. Қарағанды қаласында «Ұлы дала таңы» фильмінің тегін көрсетілімін ұйымдастырғаны үшін Марат Түсіп пен Дулат Төлеген марапатталады. 2. Қарағанды қаласында 31 мамыр […]