«Халық-Life» АҚ-ның қаржылық рейтингісі тұрақты

Am Best «Халық-Life» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық рейтингісін және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін растады
AM Best агенттігі (бұдан әрі-агенттік) «Халық-Life» АҚ (бұдан әрі-Компания) қаржылық тұрақтылық рейтингісін «B+» деңгейінде және эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін «bbb –» деңгейінде растады. Рейтингтер бойынша болжам «Позитивті» болып табылады.

«Халық-Life» АҚ теңгерімінің тұрақтылығын көрсететін рейтингтер AM Best Агенттігімен өте жоғары деңгейде бағаланады, сондай-ақ компанияның адекватты операциялық көрсеткіштерін, шектеулі бизнес-бейінін және корпоративтік тәуекелдердің басқаруын көрсетеді.

Позитивті болжамдар соңғы жылдары «Халық-Life» АҚ-ның операциялық қызметі көрсеткіштерінің жақсаруын көрсетеді, оған инвестициялардың қомақты кірістілігі ықпал етті. 2021 жылы компанияның меншікті капиталының табыстылығы шамамен 24% – ды құрады. «Халық-Life» АҚ инвестициялық портфелі активтер класы бойынша салыстырмалы консервативті болып есептеледі, бұл ретте тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар, ақша қаражаты және банктік депозиттер 2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша оның инвестицияларының шамамен 90% – ын құрайды.
«Халық-Life» АҚ теңгерімінің тұрақтылығы 2021 жылдың соңындағы аудиттелмеген нормативтік кірістілікке негізделген Best’s Capital Adequacy Ratio (BCAR) капиталының жеткіліктілік көрсеткішіне сәйкес ең жоғары деңгейде бағаланатын тәуекелге түзетумен капиталдандырумен нығайтылады. Бұдан басқа, AM Best «Халық-Life» АҚ келешекте 2021 жылы өмірді сақтандыру портфелінің табысты өсуімен және операциялық шығыстарды бақылау үшін қабылданған шаралармен нығайтылған жоғары операциялық кірістілікке қол жеткізеді деп күтеді.
Бүгінде біз өмірді сақтандыру компаниялардың арасында шамамен 235 млрд теңге көлеміндегі активі бар ең ірі Компания болып табыламыз. Осылайша, өткен жылдың қорытындысы бойынша Компания 124 млрд теңгеден астам мөлшерде сақтандыру сыйлықақыларының ең үлкен көлемін жинады. A. M. Best халықаралық рейтингтік агенттігінің рейтингтері біздің Компаниямыздың ашықтығы мен айқындығын, ұстанымдарының тұрақтылығын, сондай-ақ өз міндеттемелерін толық көлемде және мерзімде орындау қабілетінің жоғары екендігін көрсетеді. Компанияның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі «BBB-» «позитивті» деңгейінде расталды және бұл жағдай бізді қуантады, өйткені бұл рейтинг Қазақстандағы өмірді сақтандыру компанияларының арасында ең жоғары болып табылады, – деп түсіндірді «Халық-Life» АҚ-ның Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.
Толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, оқуға болады:
https://news.ambest.com/presscontent.aspx?altsrc=108&refnum=31824
Анықтама үшін:
«A. M. Best» рейтингісінің тарихы 100 жылдан асады. Агенттік 1899 жылы құрылды. Қазір оның кеңселері АҚШ, Ұлыбритания және Гонконгта орналасқан. Best тәуелсіз рейтингі сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларына беріледі. Талдау компания теңгерімінің тұрақтылығын, жедел жұмысын және оның бизнес профилін толық көлемдік және сапалық бағалауға негізделген. Best сақтандырушысының рейтингтерін бере отырып, сақтандырушының ағымдағы басты қаржылық талаптарға жауап беру қабілетіне қатысты пікірін білдіреді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағанды қаласында «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі өтеді

Сей Нау 15 , 2022
Оқылды: 1  194 Қарағанды қаласында «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараны Stop Musor әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен серіктестіктер ұйымдастырады. Дармарка – бұл тегін жәрмеңке, онда қатысушылар енді пайдаланбайтын заттарды жақсы жағдайда алып келеді, ал оның орнына өздеріне ұнайтын нәрсені алады. Дармаркаға қатысу үшін […]