29 наурыз – Еңбеккерлер күні

Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде 29 наурыз– Еңбеккерлер күні болып белгіленген. Бұл күні 1896 жылы «Дала академигі» атанған даңқты шопан Жазылбек Қуанышбай туған. Жазылбек Қуанышбай шопан, малшы-селекционер, 2 мәрте Еңбек Ері атанған.

Жазылбек Қуанышбай – 29 наурызда Түркістан облысы, Көктерек ауылында туған. 1936 жылы таңдаулы малшылар қатарында Алматыда ашылған Қазақстан ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысады. Осы сапардан оралысымен ол мал тұқымын асылдандыру жұмыстарына кіріседі. Жергілікті қылшық жүнді қойды қаракөл қойымен будандастыру ісін жүргізіп құнды елтірі беретін қаракөл қойын өсіріп шығарады. Ал 1947 жылы әр 100 саулықтан 130 қозы алады. Осы еңбегі үшін оған 1948 жылы Еңбек Ері атағы беріледі. Ол өндірген қаракөл елтірілері халықаралық жәрмеңкелерде (Дели, Бухарест, Познань, Нью-Йорк қалаларында) және аукциондарда өте жоғары бағаланады;

Ал 1957 жылы Жазылбек Қуанышбай бағымындағы әр 100 қойдан ең жоғарғы, рекордтық көрсеткіш 145 қозы өсіріп шығарады. Әр қойдан алынған жүн мөлшері 3,3 кг-ға дейін өседі. Осы үздік табысы үшін Дала академигі атанған шопан 1958 жылы екінші рет Еңбек Ері атанады. 1962 жылы заңды еңбек демалысына шықса да 1965 жылы ол жаңа отар қабылдап алып, 152-ге дейін қозы өсіріп жаңа еңбек рекордын орнатты. Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі 29 наурыз – Еңбеккерлер күні қазақ қоғамында еңбектің маңызын насихаттау үшін арнайы белгіленді.

 

Ұлттық күнтізбе

10 қаңтар – Қазақ әдебиеті және Азаматтық лирика күні
(Бұл күні 1915 жылы қазақтың дарынды жазушысы Ілияс Есенберлин дүниеге келді.)
12 қаңтар – қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев күні
14 қаңтар – Қазақ суретшілері күні
(Бұл күні 1904 жылы суретші Әбілхан Қастей дүниеге келді)
1 ақпан – Ұлт денсаулығы күні
2 ақпан – Қазақ баспасөзі күні
(Бұл күні 1913 жылы «Қазақ» газеті жарыққа шыға бастады.)
9 ақпан – Сардарлар және Ер Бөгенбай күні
15 ақпан – Ұлттық тарих және Тарихи жадыны жаңғырту күні
(Бұл күні 1915 жылы қазақтың дарынды тарихшысы Е.Бекмахан дүниеге келді.)
27 ақпан – Салт-дәстүр күні
5 наурыз – Әлихан Бөкейхан күні
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі
20 наурыз – қоғам және мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшен күні
22 наурыз – Әз Наурыз
29 наурыз – Қазақ еңбеккерлері күні
(Бұл күні 1896 жылы шопан, малшы-селекционер Жазылбек Қуанышбай туған.)
1 сәуір – Қазақ өнері күні
(Бұл күні 1925 жылы қазақтың дарынды дирижері Н.Тіленді туған.)
7 сәуір – Қазақ спортшылары күні
(Бұл күні 1871 жылы қазақтың тұңғыш кәсіби спортшысы Қажымұқан Мұңайтпас дүниеге келген.)
9 сәуір – Ұлттық тағамдар күні
12 сәуір – Қазақ ғалымдары күні
(Бұл күні 1899 жылы қазақ ғалымы Қаныш Сәтбай туған.)
15 сәуір – Селт еткізер – Кестелі орамал күні
22 cәуір – Алтын адам күні
(Бұл күні 1970 жылы 22 сәуірде Есік қорғанынан Алтын адам табылды.)
23 сәуір – Сарбаздар күні
(Бұл күні 1918 жылы халық батыры Қасым Қайсен туған.)
24 сәуір – Ұлт қайраткерлері күні
(Бұл күні 1883 жылы қоғам қайраткері Х.Досмұхамед туған.)
Сәуірдің соңғы жексенбісі – Ұлттық киім күні
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
9 мамыр – Жеңіс күні
15 мамыр – Аяулы аналар және қазақ қыздары күні
(Бұл күні 1922 жылы қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспан туған.)
20 мамыр – Қымызмұрындық мерекесі
13 маусым – Қазақ халқы күні
(Бұл күні 1911 жылы Барлыбек Сырттанұлының бастамасымен Қазақ елінің жарғысы,тұңғыш кәсіби конституциясы жазылды.)
25 маусым – Шаңырақ көтеру және Қазақ отбасы күні
30 маусым – Қазақ құрылтайы күні
1 шілде – Сержанттар күні
6 шілде – Астана күні
7 шілде – Аңырақай шайқасындағы жеңіс және Ер Абылай күні
13 шілде – Ұлттық идеология және Ұлт мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі күні
(Бұл күні 2019 жылы Ұлт мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің тұсауы кесілді)
15 шілде – Ұлы Асар күні
27 шілде – Бабалар күні
7 тамыз – Ұлттық ойындар күні
24-26 тамыз -Туған жер күні
(Бұл күні 1920 жылы Ә.Ермек және Алаш зиялылары Қазақ елінің шекарасын белгілеу ісін қолға алды.)
28 тамыз – қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібек күні
(Бұл күні 28 тамызда 1931 жылы – қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібек туған.)
30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні
5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсын күні
(Бұл күні 1872 жылы тілші, ғалым Ахмет Байтұрсын туған.)
9 қыркүйек – Алаш ұраны күні
15 қыркүйек- Ел бірлігі және Қазақ мемлекеттілігі қалпына келтірілген күн.
(1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге көтеріп, хан сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қалпына келтірілді.)
28 қыркүйек – Қазақ жазушылары күні
(Бұл күні 1897 жылы жазушы Мұхтар Әуез туған.)
2 қазан – Қазақ ғарышкерлері күні
(Бұл күні 1991 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкір ғарышқа ұшты.)
15 қазан – Қазақ тілі күні
(Бұл күні 1894 жылы қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин туған.)
19 қазан – Қазақ жігіттері күні
(Бұл күні 1924 жылы батыр Рақымжан Қошқарбай туған.)
26 қазан – қоғам және мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасын күні
(Бұл күні 1904 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасын туған.)
1 қараша – Сыртқы және ішкі теріс әсерлерді алдын алу күні.
2 қараша – Қазақ ұстаздары күні
(Бұл күні 1841 жылы ағартушы Ыбырай Алтынсарин туған.)
15 қараша – Батырлар күні
(Бұл күні 1915 жылы Ұлы Отан соғысының батыры Мәлік Ғабдуллин туған.)
25 қараша – Түркі дүниесі күні
(Бұл күні 1893 жылы ғалым В.Томсен Түркі жазуының құпиясын ашты.)
7 желтоқсан – Би-шешен, ақсақалдар және бата беру күні
10 желтоқсан – Қазақ дәрігерлері күні
(Бұл күні тұңғыш кәсіби қазақ дәрігері Мұхамеджан Қарабай туған.)
12 желтоқсан – Алаш идеясы күні
(1917 жылы 12 желтоқсанда Алаш Орда үкіметі құрылды.)
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
18 желтоқсан – Тәуелсіздік үшін күрескен ұлт қайраткерлерін еске алу күні.
24 желтоқсан – халық батыры Бауыржан Момышұлы күні
(Бұл күні 24 желтоқсан 1910 жылы халық батыры Бауыржан Момышұлы туған.)

Ақбота Қазкенова 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Филология факультетінің 3 курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Туристерге ыңғайлы қонақжай- Ыстамбұл

Сәр Нау 27 , 2024
Оқылды: 462 Еуропадағы жалғыз саяхатшылар үшін ең жақсы бағыттардың бірі ретінде танылған Ыстамбұл өз бетінше саяхаттайтын келушілер үшін кең ауқымды іс-шаралар мен тәжірибе ұсынады. Қаланың шексіз әртүрлілігі мен жылы шырайлы атмосферасы бар жалғыз саяхатшылар Ыстамбұлды көптеген әлемге әйгілі туристік басылымдар 2024 жылға ұсынған қонақжай, жанды және навигацияға оңай орын табады.  […]