24-26 тамыз – Туған жер күні

Ардақты ағайын, Алаш ұрпағы!
Сіздерді Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің айшықты күні 24-26 тамыз – Туған жер күнімен құттықтаймын!

1847 жылы Қазақ хандығы біржола ыдырап, тарих сахнасынан түсуінен тура 70 жыл өткен 1917 жылдың желтоқсанында Алаш Республикасы атауымен туы қайта көтерілген Қазақ ұлттық мемлекетінің территориясы 9 облыс, бір гүберне, Закаспий облысының Маңғышлақ, Алтай өңірінің Бийскі, Змеиногор және Барнауыл ояздарын қамтып, жалпы аумағы 3,45 млн шаршы шақырымды құрады.

Қайта жаңғырған ұлттық мемлекеттің осы жерін Әлихан Бөкейхан одан 7 жыл бұрын – 1910 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген әйгілі «Қазақтар» атты тарихи очеркінде айқындап қойған болатын. 1917 жылдың 12 желтоқсанында (қазіргі күнтізбе бойынша 25 желтоқсан) ІІ Жалпыұлттық Қазақ-Қырғыз құрылтайы осы облыс-ояздарды Алаш Республикасының заңды жер аумағы деп жариялады.

Алаш Республикасын жойып, орнына Қазақ аутономиялық кеңестік социалистік республикасы болып қайта құрылатын 1920 жылдың тамыз айында «Алаш» арысы Әлихан Бөкейхан Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлімхан Ермекұлын алға салып, кеңес өкіметінің көсемі В.И. Лениннің алдында осы облыс-ояздар қазақ халқының ата-бабадан қалған тарихи меншікті жері екенін дәлелдеп, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қазіргі жер аумағын – территориясын қорғап, бекітіп алды.

Міне биыл қазіргі мемлекеттік шекарамыздың бекітілгеніне 104 жыл толып отыр.
Алаш азаматтары! Жеріміз түгел, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!

Игі тілекпен, Сұлтан Хан Аққұл ұлы!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ЖЕРІМІЗДІ АЛЫП, ЕЛІМІЗДІ ҚҰРЫП БЕРГЕН АЛАШ АРЫСТАРЫ!

Дүй Там 26 , 2024
Оқылды: 192 Қадірлі бауырлар, сіздерді 24-26 тамыз – Туған жер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бүгін 26 тамызда Қазақ автономиялы социалистік кеңес республикасының құрылғанына 104 жыл толды. 1920 жылы 24-26 тамыз күндері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермек бастаған Алаш арыстары айқындап беріп, декрет қабылданып, Қазақ мемлекеті территориясы бекітіліп, шекарасы шегенделді. […]