Halyk Homebank қосымшасына өтінім берер алдында өтініш беруші enpf.kz немесе egov.kz сайттарында пайдалану үшін қолжетімді БЗТ нақты сомасын нақтылауы қажет.
Одан кейін ғана – БЖЗҚ-дан БЗТ алуға өтінімді Halyk(Homebank) қосымшасында онлайн беруге болады.
БЗТ алуға өтінімді қалай беру қажет?
Halyk (Homebank) қосымшасында тіркелмеген клиенттерге Android немесе iOS смартфондарына арналған қосымшаны жүктеп, қосымшада тіркелу қажет, ал ары қарай жоғарыда берілген нұсқаулықты орындау керек.
БЗЖҚ өтінімді 5 жұмыс күніне дейін қарайды, одан кейін клиентке SMS–хабарлама түрінде жауап жіберіледі. Ары қарай Банк біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша БЗТ сомалары есепке жатқызылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде клиенттің арнайы шотына аударады. Егер ақша 3 күннің ішінде таңдалған мақсатқа пайдаланылмаған болса, онда ол БЗЖҚ-ға қайтарылады. Банк БЗТ-ны аударуға байланысты ешқандай комиссия есептемейді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Банк БЗТ-ны Halyk Bank арқылы қолдануға болатын үш негізгі мақсаты туралы хабарлады. Ол мақсаттарға:
Құжаттардың толық тізімімен және оларды ұсыну тәртібімен:
***
Halyk Bank – тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қордан (БЖЗҚ) біржолғы зейнетақы төлемдерді (БЗТ) нысаналы мақсатқа сай пайдалану бойынша уәкілетті оператор.
Дерекөз: https://ttjk.info/halyk-bank-birzhol-y-zejneta-y-t-lemderine-tinim-abyldajdy/