13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні

«Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», – деді теледидардан берілген үндеуінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің жарлығына орай, 13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күнінде мемлекеттік ту сәл жартылай түсіріліп, елорда уақыты бойынша сағат 12-00-де ел аумағында коронавирус пандемиясының құрбаны болғандар бір минут үнсіздікпен еске алынады. 

Мемлекетіміздегі жалпы ақпарат құралдарында осы тақырыпқа байланысты материалдар жарияланады. Теледидар, интернет ресурстарында бұл күні ойын-сауық бағдарламалары көрсетілмеуі тиіс.

Сонымен қатар республикадағы барлық діни ғибадат үйлерінде (мешіт, шіркеулерде) адамдарды жинамай тиісті рәсімдер атқару жоспарланған.

Аза тұту күні Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері 9-рет жарияланып отыр. 

Азаттық радиосының хабарлауынша, әлемде COVID-19 коронавирусы 12,7 миллионнан астам адамға жұқты. Қайтыс болғандар 566 мыңнан асты. 7 миллион адам жазылды.

Қазақстанда ресми дерекке сай, коронавирус жұқтырғандар саны 58 мыңнан асты. 31 077 науқас жазылды. 375 адам қайтыс болған. 2020 жылдың алғашқы алты айында 98 546 адам пневмонияға шалдыққан. Елде маусымнан бері пневмониядан мыңнан астам адам дүниеден озды.

Редакциядан: Осынау өткінші індеттен құрбан болған азаматтардың жаны жәннатта болғай! Отбасыларына қайғырып, көңіл айтамыз!  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Марқакөл көлінде браконьерлерге тыйым салынады

Сәр Шіл 15 , 2020
Оқылды: 1  697 Экология министрлігі Марқакөл көлінде браконьерлікпен күресу шараларын қабылдады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ аумағында мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген браконьерлікпен күрес бойынша 2020 жылға арналған тұтас іс-қимыл жоспарын бекітті. Марқакөлдегі ахуалға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша назар аударды. Өткен жылғы шілдеде ол Шығыс […]