Терісқақпай. БӨРІСЫРҒАҚ

«АДЫРНАДАН» (сайт) Есен Рамазан деген азаматтың «Бөрісырғағын…» оқып шықтым.
Ең біріншіден, бұл жазбадан қасқырдың иісі шықпайды. Қасқырға қатысты ештеңе оқи алмадым.
Екіншіден, қасқыр болып ұлып тұрған боран табиғатын да көре алмадым.

***

Ең алдымен, əуектің өз заңы бар. Ол заң бойынша олар ешқашанда бір-біріне қастық қылмайды.
Екіншіден, əуектегі əр қасқырдың орыны болады.
Үшіншіден, аңшылықтан түскен олжаны қылдай бөліседі.
Төртіншіден, аңшылыққа барынша дайындалып шығады (қарауыл, қуушы, тоспашы, жығушы).
Бесіншіден, қасқыр жараланып қалған болса оны əуек болып күтеді, қатарға қосады.
Алтыншыдан, əуек үш топтан тұрады. Бірінші топта барлаушылар, соң топта жаугерлер, ортаңғы топта (мүгедектер, кəрі-құртандар, «бала-шағалар») болады. Бас топты БӨРІ, соң топты БӨРТЕ басқарады.
Керісінше де болуы əбден мүмкін.
Осы жерден əуек заңын қайтарайық. Өйткені бізге керегі- БӨРІ мен БӨРТЕНІ шығарып алдық ғой.
Қасқырдың арланын (еркегін) жал, қаншығвн (ұрғашысын) шулан дейді. Жалдың бəрі жұп құра алмайды, шуландар да солай. Жұп құратын жалды БӨРІ дейді.
Бөрі өз таңдауын жасайды, сырға салады.
Бөрінің таңдауын БӨРТЕ дейді.
Маһаббат ойынына осы екеуі ғана түседі. Ол ойындарын əуектен бөлектеніп, жасырын істейді.
Осы амалды БӨРІСЫРҒАҚ деген.
БӨРІСЫРҒАҚ ақпанның 17-23 аралығында өтеді. Сәуірдің соңына қарай күшіктейді.
Ал қазіргі боранды кешегі үлкендер ешқандай амалға жатқызбаған. Сарышұнақ (аяз) деген.
Мәтін, этногроф-жазушы, журналист Төрехан Майбастың фейсбуктегі парақшасынан ықшамдалып алынды.

Келесі мақала

Өлкетану веб-квестінің жас қатысушылары көрнекті орындар картасын жасайды

Сәр Қаң 22 , 2020
Оқылды: 2  935 «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» өңірлік байқауы екінші рет өткізіледі. Веб-квестке мектеп командалары қатыса алады. Ол үшін компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, туған өлкесінің көрікті жерлері мен әсем мекендерін көрсету қажет. Байқаудың бастамашысы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы болды. Алғашқы өлкетану веб-квест өткен жылдың қыркүйегінде […]

Ұқсас мақалалар