Жер Сағаты 2022 Қазақстан» халықаралық экологиялық акциясы

Астанада«Жер Сағаты 2022 Қазақстан» халықаралық экологиялық акциясына арналған баспасөз конференциясы өтті.


Конференция «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ Қазақстандағы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) және «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ бірлесіп ұйымдастырылды.
«Жер сағаты» акциясы — бұл табиғатқа ұқыпты қарауға, планетамыздың климатын сақтауда батыл шараларға және оның шектеулі ресурстарына қамқорлық жасауға бағытталған ғаламшардағы ең ауқымды экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2,5 млрд. астам адам қатысады, акцияға 175 елден 7000 қаланың тұрғындары қосылады.
Акция бүкіл әлемде 2007 жылдан бастап Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен өткізіліп келеді. Қазақстан оған 2009 жылы еріктілердің қолдауымен қосылды. 2022 жылы бұл акция 15-ші рет, Қазақстанда 13-ші рет ұйымдастылады. Осы жылы акция 26 наурызда өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты-біздің планетамыздың табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын акцияға қатысушы барлық елдер ең өзекті, ең өткір экологиялық тақырыптарды көтеруде.
Қазақстандағы «Жер сағаты» және экологиялық тақырып туралы WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры-Григорий Мазманянц, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы – Айгүл Соловьева, Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры – Ақзан Ширанов, «Жасыл» экономиканы қолдау мен G – Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ бас менеджері – Асыл Оқапова толығырақ айтып береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Білім министрін қолдаймыз

Жұм Нау 11 , 2022
Оқылды: 1  448 Министр Асхат Аймағамбетовке неге орнынан кету талаптары қойылуда және мұны ұйымдастырған қандай күштер? Қоғамдағы нағыз тектониқалық өзгерістер жалпы мақсаттарды декларациялаудан емес, нақты бір салада өзгерістер өткізуден басталады. Өзгерістерді қалайтын қалың көпшілік бар және өзгерістерді қаламайтын жеке мүдделі күштер де болады. Олар кімдер сонда ? Мектеп жүйесінде болып өткен […]