Қарағанды өңірлік Әскери полиция басқармасының жедел-ден қою бөлімінің сарбаздары салтанатты түрде Әскери ант қабылдады.
Біздің халық ежелден ел үшін төккен тердің бағасын бағамдай білген. Оның ішінде, қастерлі Отан-ананы қорғау – ең асқақ парыз, абыройлы міндет екенінжас сарбаздар да жақсы біледі. Ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа адал болу, ел басына күн туса, оны ақтық демің қалғанша қорғау, қажет болса, жан қию деген сөз. Осылайша, ант қабылдаған сарбаз – біздің ұлан-ғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған жаужүрек ата-бабаларымыздың ерлік жолын жалғастырушыға, елдің қорғанына, сенім арқалаған азаматқа айналмақшы. Салтанатты шарада Әскери полиция басқармасының жедел-ден қою бөлімінің 25 жас сарбазы ант қабылдады.
Ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаздардың ата-аналары, туған-туыстары кең құшақпен қарсы алып қауышты. Келген қонақтар әскери бөлімнің басшылығымен, сарбаздардың казармасы, асханасы және демалатын орындарымен танысып, серуенге шықты.
– Бүгін бізде әскери полиция басқармасы жедел-ден қою бөлімінде ант қабылдау іс шарасы орын алды. Барша сарбаздарды ант қабылдау рәсімімен құттықтаймын. Бәріміз қуаныштымыз. Отан алдындағы абыройлы міндетімізді, өте жоғары деңгейде орындап, ата-анамыздың сенімін ақтаймын деген ойдамыз, – деп қуанышты сәтімен бөлісті қатардағы жауынгер Мейіржан Нақышпанов.