Жаңаарқа ауданы: Академик Е.Шаханов атындағы ЖОББМ соңғы қоңырау

Жаңаарқа ауданының Академик Еламан Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебін 54 түлек аяқтап жатыр. Соңғы қоңырауда 11 сынып оқушылары мектептерімен қоштасып, көздеріне жас алды. Оларды үлкен өмірге басқан қадамдарымен мектеп директоры С.А. Байшокенова сонымен қатар мектепті осыдан 40, 30, 10 жыл бұрын бітірген түлектері де құттықтады.  Түлектердің 46-сы қазақ сыныбын және 8-і орыс сыныбын бітіреді.  Мектеп бітіруші 54 оқушының 53-і ҰБТ-ны тапсырады.

Мектепте 10 қызыл аттестат иегері бар. Олар: Иманжүсіп Ғалымұлы, Диана Болатова, Зарема Ергалиева, Ділназ Төлеубай, Азалия Божаева, Талғат Аруна, Дильназ Мергенбаева,  Ұлжан Тельманова, Лаура Меркеш, Заңғар Әбілбеков.
Академик Е.Шаханов атындағы ЖОББМ-ның қызыл аттестат иегері Диана Болатқызы Болатовадан сұхбат алдық.

Қандай университетке және қандай мамандыққа тапсырып жатырсың? Болашақта кім болғың келеді?

-Мен Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шет тілі факультетіне тапсырсам деймін. Болашақта мұғалім болғым келеді. Себебі, мұғалім деген – білім беруші ғана емес, баланың ақылшысы әрітәрбиесімен де айналысушы. 

Қандай мекемеде еңбек еткің келеді?Келешекте Назарбаев интеллектуалды мектебінде ұстаз болып, дарынды балалардың болашағының жақсы болуына атсалысқым келеді. 

Нені армандайсың?

Бақытты болу, айналамдағы адамдарды бақытты қылу. Өз ісімнің нағыз маманы болу.

Өз мамандығыңда қандай жетістікке жеткің келеді? 

Ең бастысы жұмысымды сапалы атқару. Балаларға сабақты ғана емес, тәрбиені, мәдениетті де үйретуді қалаймын және әрине, «үлгілі ұстаз» болғым келеді. 

Сенің ойыңша елімізде қай саланы дамыту қажет?
Менің ойымша, елімізде экология саласына байланысты мамандықтарды дамыту қажет. Яғни, табиғатты қорғау немесе қоқысты өңдеу деген секілді салаларға қызығушықты арттыру керек. Себебі, еліміздің елдімекендері, үлкен қалалар да өзге дамыған мемлекеттермен салыстырғанда өте лас. Мұны мойындау керек. Осы жағдайды түзеу үшін бұл мамандықты дамыту керек.

Өзіңнің сыныптастарыңа және барлық мектеп бітіруші түлектерге қандай тілек тілейсің?
Ең бастысы өз жүректеріңді тыңдаңдар, өздеріңді бақытты қылатын затпен айналысыңдар. Мамандықтарыңнан адаспадыңдар деген сенімдемін, өз істеріңді сүйіп істеңдер, сол кезде ғана үлкен жетістікке жетесіңдер.

Ал ата-аналар тарапынан, Ақбота Амангелдіқызы Нугумановадан биылғы оқу жылы жайлы сұрастырдық.

Биылғы оқу жылында жаңалықтар немесе өзгерістер болды ма?
Өзгерістерден биыл ҰБТ-ны 2 рет тапсыруға мүмкіндік берілді. Бұрын тек 1 рет қана болатын, қазір екі реттен. Оқушылардың барлығы ҰБТ-ға кіруге бел буды. Біздің мектепте тек 1 ғана түлек жоғарғы оқу орнына тапсырмайды екен.

ҰБТ-ға қатысты қандай мәселелер, қиындықтар бар?
Еш қиындық жоқ, барлығы түсінікті. Мұғалімдер де қосымша сабақтар, факультативтер өткізіп, балаларымызға барынша көмектесіп жатыр.

Осылайша Жаңаарқа ауданының Академик Е.Шаханов атындағы ЖОББМ-ның 11 сынып түлектері үшін биылғы оқу жылы қуанышты күйде аяқталды. Түлектерге алдағы Ұлттық Біріңғай Тестілеуден сүрінбей өтулеріне тілектеспіз. 

Гүлнұр Мұхтарова

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, 

Филология факультетінің 3-курс студенті. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Атырауда робототехникадан облыстық чемпионат өтті

Дүй Мам 30 , 2022
Оқылды: 1  388 60-тан астам оқушылар мен студенттер Атырау облысындағы робототехника бойынша ең ірі жарыста үздік әзірлемелерді ұсынып, тәжірибе алмасты. Атырауда робототехникадан облыстық чемпионат өтті. Чемпионатқа 35 команда, робосумо 10х10, биатлон, кегельринг-квадро және робосумо 25х25 санаттары бойынша облыстың барлық аймақтарынан 60-тан астам оқушылар мен студенттер қатысты. Нәтижесінде әр түрлі жас топтарында […]